қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Ертай Сұлтан

Ертай Сұлтан

 

Ертай Сұлтанұлы - әдебиеттану, журналистика және жоғары ғылым менеджменті салаларында зерттеулер жасап жүрген ғалым. PhD доктор (ҚР БҒМ БҒССБК 2018 жылғы №701 бұйрығы), ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар президиумының мүшесі.

 

Қызметі:

2024 жылдың мамыр айынан бастап «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры.

2023-2024 жж. «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – Стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры.

Академиялық және кәсіби тәжірибесі:

·        2018-2021 жж. 2023 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің қауымдастырылған профессоры м.а.

·       2021-2022 жж. АҚШ, Джордж Вашингтон университетінде «Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Бағдарлама атауы: Жоғары білім менеджментіндегі көшбасшылық (Leadership in higher education management).

·       2021-2022 жж. Қазақстан Республикасының Америка құрама штаттарындағы Елшілігіндегі Абай орталығының жетекшісі.

·       2019-2021 жж. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары.

·       2016-2019 жж. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалым хатшысы.

·       2012-2016 жж. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері.

Білімі:

·       2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультетінің бакалавриатын «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша үздік тәмәмдады.

·       2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология және әлем тілдері факультетінің магистратурасын «Филология: әдебиет» мамандығы бойынша аяқтады;

·       2014-2017 жылдар аралығында М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы «Білім және ғылым интеграциясы» бағдарламасының негізінде «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша білім алды;

·       2018 жылы қазіргі ағылшын, испан, италиян, жапон және қазақ романдарын салыстырмалы талдау негізінде «Қазіргі романның трансформациясы» тақырыбында PhD диссертациясын қорғады.

Мақалалары мен зерттеулері:

Scopus және WOS мәліметтер базасында мақалалары жарияланған, ҚР ҒЖБССБК ұсынған ғылыми журналдарда мақалалары жарық көрген. 5 ұжымдық монографияның серіктес авторы. Бірнеше авторлық куәлік берілген, ғылыми және ғылыми техникалық қызмет субьекті ретінде аккредитациялық куәлігі бар.

Хирш индексі: 2 (2021 жыл)

Ғылыми тағылымдамалар:

·       АҚШ, Колумбия университетінің Жер институты (БҰҰ тұрақты даму бағдарламасы, 2012 жыл)

·       Гази университеті, Түркия (2013 жыл)

·       Кадис университеті (2012-2013 жыл), Испания.

·       Гранада университеті (2016 жыл), Испания.

Зерттеу бағыты:

·       Қазіргі романның жанрлық трансформациясы;

·       Гибридті роман хронотопын математикалық модельдеу;

·       Қазіргі публицистиканың жанрлық түрленуі;

·     Деректер журналистикасы;

·       Жоғары білім мен ғылым менеджменті;

·       Халықаралық журналистикадағы жаңа үрдістер мен бағыттар.

Марапаттар мен жетістіктері:

·       ҚР БҒМ дарынды жас ғалымдарға арналған стипендия иегері (2018)

·       «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты (2021)

Тілдерді меңгеру деңгейі:

Қазақ, орыс, ағылшын – еркін;

Испан, қытай – орташа.

Ғылыми өтілі: 13 жыл

Педагогикалық өтілі: 6 жыл

 


← Кері оралу