Кафедра марапаттары мен жетістіктері 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы құрылған, алғашқы кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор Қосанов Ж.К. болды. Кейінгі кездерде кафедраға з.ғ.д., проф. Бейбитов М.С., з.ғ.д., проф. Хаджиев А.Х., з.ғ.д., проф. Жетписбаев Б.А., з.ғ.д., проф. Дуйсенов Э.Э. меңгерушілік жасады. 2011 жылы универститет ректорының бұйрығымен Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасымен және Мемлекеттік басқару және экологиялық құқық кафедрасы бірігіп, «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасы құрылды. 2011 жылдан осы кезеңге дейін кафедраны з.ғ.к., профессор Орынтаев Ж.Қ. басқарды.
|