Біз туралы | Главная /
Аққазин Ержан Әсетұлы
Аққазин Ержан Әсетұлы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ Аққазин Ержан Әсетұлы, ұлты қазақ, 1973 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданына қарасты Сәтбаев совхозында туылған. 1990 жылы орта мектепті бітірдім.1990 - 91 жылы Сәтбаев совхозында жүк көтеруші болып жұмыс істедім. 1991 - 94 жж аралығында Отан алдындағы борышымды атқардым, ӘТФ-да Калининград облысы, Балтийск қаласында. 1994 жылы Алматы қаласындағы СМУ-7 мекемесінде құрылыста жұмыс істедім. 1995 жылы әль-Фараби атындағы ҚазМУ-дің химия факультетіне оқуға түсті. 2000 жылы әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия мамандығын бітірді. 2000 - 2001 жж бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданына қарасты Социал ауылында, Ю.Гагарин атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2001 - 2003 жж. әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия факультетіндегі химиялық-физика және жану кафедрасының магистратурасында күндізгі бөлімінде оқыды. 2003 - 2005 жж әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия факультетіндегі химиялық-физика және жану кафедрасының аспирантурасында күндізгі бөлімінде оқыды. 2010 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2005 - 2010 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «Химия» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды. 2010 - 2012 жж Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-нің «Мұнай және Газ» иниститутында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2012 - 18 жж әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің химия және химиялық технология факультетіндегі химиялық-физика және материалтану кафедрасының аға оқытушы болып жұмысқа орналасты. 2018 - 2023 жж. аралығында әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің география және табиғатты пайдалану факультетіндегі ЮНЕСКО бойынша тұрақты даму кафедрасының аға оқытушы болып жұмысқа орналасты. 2023 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің химия кафедрасында аға оқытушы
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриат: «Жалпы химия»; «Биоорганикалық химия». Магистратура: «Современная органическая химия»; «Прикладная органическая химия».
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Отандық және шетелдік басылымдарда 60-тан астам ғылыми мақалалар жарияланған, 1 алдын ала патент, 1 патент ҚР, оның ішінде 3 мақала импакт-факторы бар журналдарда жарияланған: 1. Ye. Imanbayev, Ye. Tileuberdi, Ye. Ongarbayev, Z. Mansurov, A. Batyrbayev, Ye. Akkazin, E. Krivtsov, A. Golovko, S. Rudyk Changing the Structure of Resin-Asphaltenes Molecules in Cracking // Eurasian Chemico-Technological Journal 19 (2017) - Р. 147-154. 2. Gaukhar E. Ergazieva Nursaya Makayeva, Zhanna Shaimerden, Sergiy O. Soloviev , Мoldir Telbayeva , Fariza Ahmetova, Akkazin Е.A. Catalytic decomposition methane to hydrogen over Al2O3 Supported Mono- and Bimetallic Catalysts // Bulletin of Chemical Reaction Engineering & Catalysis journal 2022 3. Vasile-Mircea Cristea 1 , Moldir Baigulbayeva, Yerdos Ongarbayev,* , Nurzhigit Smailov, Yerzhan Akkazin and Nurbala Ubaidulayeva. Prediction of Oil Sorption Capacity on Carbonized Mixtures of Shungite Using Artificial Neural Networks // Processes 2023, 11, 518. https://doi.org/10.3390/pr11020518
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ 3. Ғылыми монография «Гудрон: состав, свойства и переработка» Алматы 2023ж Дарын баспасы -230 бет жарық көрген.
МАРАПАТЫ 1. әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медалі, 2016.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|