Оқу -әдістемелік қызмет Жалпы мәліметтер Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы төмендегі пәндер бойынша сабақтар өткізуді қамтамасыз етеді: ҚР Азаматтық құқығы (жалып бөлімі), ҚР Азаматтық құқығы (ерекше бөлімі), ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы, ҚР Еңбек құқығы, ҚР Жер құқығы, ҚР Экологиялық құқығы, ҚР Тұрғын үй құқығы, ҚР Отбасы құқығы, ҚР Кәсіпкерлік құқығы, ҚР Нотариаты, Халықаралық жеке құқығы, Рим құқығы, Азаматтық іс жүргізу құжаттарын құрастыру практикумы, Атқару өндірісі, Еңбекті қорғауды құқықтық реттеу. Кафедраның ПОҚ жоғарыда аталған пәндер бойынша ОӘК, Білімалушыларға арналған ОӘК, «заңтану», «құқық негіздері», «финансы», «учет және аудит», «менеджмент», «маркетинг» мамандықтарының студенттеріне оқылатын пәндер бойынша тестілік тапсырмалар жасалынды. Білім саласындағы инновациялық үрдістер, жаңа білімдік үлгілерге көшу және ұлттық моделді енгізу тұлғаға бағытталған оқыту проблемасының маңыздылығын негіздейді және оқушының танымдық қызметін басқару ретіндегі оқу процесін жобалаудың нысандары туралы қайта ойластыруды талап етеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды және әртүрлі деңгейдегі оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологияларды пайдаланудың қажеттілігін анықтайды. АҚП кафедрасында оқу үрдісін ұйымдастыру еңбек нарығында қажеттілігін, қазіргі замаңғы білім технологияларын әзірлеу және пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен дайындалатын мамандықтар үшін жоғарғы оқу орнының талаптарын сақтай отырып кафедраның оқытушылық-профессорлық құрамымен білім қызметтерін сапалы ұсынуды ескере отырып оқытудың несиелік жүйесімен негізделген. Оған қоса кафедраның оқытушылық-профессорлық құрамы инновациялық технологиялар және алдыңғы қатарлы тәжірибе бойынша семинарларға қатысады, қолданылатын технологиялар мен олардың тиімділігін бақылайды, оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету сапасын жетілдіреді, пәндер бойынша сапалы оқу-әдістемелік кешендер әзірлейді. Белгілі ғылыми орталықтардың бірі бола отырып, кафедра тәжірибемен байланысын жоғалтпайды. Кафедраның өкілдері жергілікті атқарушы органдардағы ғылыми-консультативтік кеңестерде, қоғамдық бірлестіктерде, үкіметтік емес ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. бірге жұмыс істейді Кафедраның ПОҚ ОӘБ-нің грифімен төмендегідей оқу құралдарын шығарды: Мейірбекова Г.Б. «Азаматтық құқық»(жалпы бөлім). Оқу-тәжірибелік құралы. Мейірбекова Г.Б. «Азаматтық құқық»(ерекше бөлім). Оқу-тәжірибелік құралы. Орынтаев Ж.Қ., Мейірбекова Г.Б. «Жер құқығы». Оқу-тәжірибелік құралы. Бакалавриат Кафедра лицензияға сәйкес қазақ және орыс топтарында күндізгі және сырттай бөлім студенттерін 5В030100 - «Заңтану» (бакалавр) мамандығы бойынша оқытады: - 3 жыл (арнайы орта білім негінде - колледжден кейінгі); - 4 жыл (орта білім негізінде); Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты - 5В030100 - «Заңтану» мамандығында оқып жатқан студенттерге азаматтық құқықтық пәндер саласындағы заңнамалар мен нормативтік құқықтық аткілерді өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету болып табылады. Кафедра профессор-оқытушылар құрамының басты мақсаты - қазіргі заман талабына сай, білікті заңгер мамандарды дайындап шығару. Кафедраның үздік студенті «5В030100-Құқықтану» мамандығы 3 оқу жылы АОБ негізіндегі қазақ, күндізгі бөлім студенті Уалбеков Е.
|