қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Муталиев Мейірбол Қадырұлы

Муталиев Мейірбол Қадырұлы

 

Қысқаша өмірбаяны

Муталиев Мейірбол Қадырұлы, 1992 жылы 20 маусымда Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келді. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын, және парсы тілдерін меңгерген.

1999 жылы № 22 жалпы орта мектептің табалдырығын аттады. 2010 жылы осы мектепті бітіргеннен кейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің тарих факультетіне оқуға түсті. 2014 жылы аталмыш университеттің білім бакалавры дәрежесін алды. 2014 жылы университетті аяқтаған соң, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің  Тарих және құқық институтының "6М011400 -Тарих" мамандығы бойынша ғылыми магистратура бағытына оқуға түсті. 2015 жылы Польша мемлекетінің Ольштын қаласындағы "Вармин-Мазур" университетінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті. 2016 жылы Қ.Р-ның Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде докторанттар мен магистранттар арасында ұйымдастырылған Республикалық ғылыми жобада ғылыми жұмысты қорғап 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде магистратура бағыты бойынша оқуын сәтті аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

2016-2017 жылдар аралығында №175 "Жаңа Ғасыр" мектеп- гимназиясында тарих пәні мұғалімі болым қызмет атқардым. Мектеп қабырғасында әр түрлі іс-шараларға белсене қатысты. 2018 жылы Түркия Республикасы Анкара университеті, Тарих факультетіне доктрантураға оқуға түсті және оқуын толықтай аяқтады. Дәл қазіргі сәтте докторлық диссертациясын жазуда.

2023 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де, Тарих және құқық институтының Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасында оқытушылық қызмет атқарады. 

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Біліктілігі

Бітіру уақыты

Абай атындағы ҚазҰПУ

Тарих және құқық бакалавры

              2014 г.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Педагогикалық  ғылымдар магистрі

2016 г.

АнкараУниверситеті

Докторантурада оқуын аяқтады

2022 г.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Магистр

Педагогикалық ғылымдар магистрі

2016 г.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Қазақстан тарихы

Археология

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1. Mutaliyev, M., Yıldız, O., Topcu, O., Aslan, I., Sertkaya, S., Yıldız, R.  Bir Ömre Sığanlar: Genç Tarihçilerin Gözünden Prof. Dr. Mustafa Kafalı`nın Eserleri. Journal of General Turkish History Research ISSN 2667-5366 (Online) Vol. 2 No. 3; January 2020, pp. 229-254.

2. Lebayev, F., Mutaliyev, M. Kazakistan`da İlk Kez Yayımlanan "Kazakistan Tarihi Ansiklopedisi" Hakkında. International Journal Türk Yurdu ISSN 1300-2333 (Online) Vol. 110 No. 406; June 2021,  pp. 74-78.

3. Mutaliyev, M. Language and Culture Relations Of Kazakhstan and Turkiye After Independence. Asya Araştırmaları - A.Yalçın, S. Ulukan & H. Göçmenler (Eds.), Ankara: Semih Ofset Matbaa, 2021. - pp. 119- 140. ISBN: 978-605-7854-37-7

 

 

 


← Кері оралу