қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Адилова Фарида Ауелханқызы

Адилова Фарида Ауелханқызы


ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Мен, Адилова Фарида Ауелханқызы 1977 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келдім.
1984 жылы Анатольевка ауылындағы А. Бубенцов атындағы орта мектепке барып 1994 жылы бітіріп шықтым.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп, тарих факультетінің бакалавр бөлімін 1998 жылы аяқтап, магистратура бөліміне түсіп, оқуымды жалғастырдым. 2000 жылы магистратура бөлімін аяқтап, тарих факультетінің, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, тарих магистрі академиялық дәрежесі атағын алып шықтым.

2001 жылдан бастап Қ.И. Сәтбаев атындағы, ЖГИ ның Қоғамдық пәндер кафедрасына оқытушы қызметіне жұмысқа алындым.

2018-2020 жылдары КазМҮББУ үш жылдай кафедра басқардым.

2018 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Қоғамдық пәндер» кафедрасында қосымша сабақ жүргіздім.

2021 жылдың қыркүйегінен № 199 мамандандырылған гимназияда тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқардым.

2021 жылдың қыркүйегінен қаңтар айына дейін Қ.И. Сәтбаев университетінің «Қоғамдық пәндер» кафедрасында қосымша ассоц. профессор қызметін атқардым.

2022 жылдың қыркүйек айынан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «акад Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы» кафедрасына аға ақытушы қызметін атқарушы болып қабылданып отырмын.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Әл-Фараби ат. КазМҰУ

Бакалавр академиялық дәрежесі және тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы мамандығы берілді

14 шілде

1998 жыл

 

Әл-Фараби ат. КазМҰУ

Тарих магистірі академиялық дәрежесі, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы мамандығы берілді

12 шілде

2000 жыл

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Тарих ғылымдарының кандидаты

020007 - Отан тарихы

31 қаңтар

2011 жыл

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағының атауы

Берілген жылы

Тарих ғылымдарының кандидаты

31 қаңтар 2011 жыл

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

1.Виртуалды қайта құру әдістері мен технологиялары

2.Қазақстан Кеңес империясы құрамында: саясат, экономика, әлеуметтік қатынастар және мәдениет.

3.азақстан тарихы

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны 

Зерттеу тақырыбы: «Қазақ қоғамындағы Орынбор мүфтилігінің орны мен қызметі» (18 ғ. соңы - 20 ғ басы).

1. "Орынбор өлкесіндегі патша үкіметінің мұсылмандыққа қарсы жүргізген саясаты (ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысы)"

2."ХІХ ғ. аяғындағы мектеп және медреселерде білім берудегі отаршылдық саясаттың көрініс табуы" Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Т. Жұмағұловтың 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдығына арналған «Интеграция және Модернизация жағдайындағы дүние жүзі тарихы және Еуразиядағы халықаралық қатынастар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция  Материалдары 9 ақпан. 2018 ж.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны 

1. "Орынбор мүфтилігі қызметін мемлекеттік бақылау (ООМА) материалдары негізінде интернет жүйесі арқылы". "Цифырлы замандағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» атты халықаралық дөңгелек үстел. 12 сәуір, Сатпаев университеті, Алматы, 2018 ж.

2. "1916 жылғы Жетісу өңіріндегі ұлт азаттық көтеріліс"."Тәуелсіз Қазақстан"30 жыл сабақтары мен даму перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы Satbayev University, Алматы, ҚР, 17 қараша 2021 ж.

3. "Қазақ даласындағы Қарқаралы петициясындағы дін мәселесі"  (ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басы). Ұлттық деректанудың негізін қалаушы» тақырыбында тарих ғылымдарының докторы, профессор Қамбарбек Атабаевты еске алуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  Алматы, 2022

 

МАРАПАТТАРЫ

1. Құрмет грамотасы. Тіркеу І - 009192. Интеллект пен Нұр білім орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық дарынды, үздік оқушылар сайысына белсенді ат салысқаны үшін беріледі. Алматы 2021-2022 жж.

2. Алғыс хат. Жұмысты адал және кәсіби түрде атқарып, көрсеткен жоғары дәреже үшін берілді. Тіркеу І - 010676. Nur Bilim ғылыми әдістемелік орталығы, "Интеллект" білім және ғылым орталығы. Алматы 2021-2022 жж.

3. Алғыс хат. "Тәуелсіз Қазақстан: 30 жыл сабақтары мен даму перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін марапатталады. 17 қараша, . Сатпаев университеті, Алматы 2021 жыл.

 

 

 


← Кері оралу