қазақша · русский · english
 
 
 

 

Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасы мына университеттермен халықаралық ынтымақтастық туралы келісім жасасты:

- Қырғыз-Ресей Славян Университеті (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы);

- Қырғыз Мемлекеттік Заң Университеті (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы);

- Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық Университеті (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы);

- Донецк Мемлекеттік Университеті (Донецк қ., Украина);

- М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті (заң факультеті) (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).

- Х.Бербеков атындағы «Кабардино-Балкар мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі (Нальчик қ., Ресей Федерациясы).

- ТМД елдерінің мамандары үшін біліктілікті арттырудың интернационалдық орталығы (Дюссельдорф қ., Германия Федеративтік Республикасы).

- Я.Купалы атындағы Гродно Мемлекеттік Университеті (Гродно қ., Беларусь Республикасы).
- Е.Кутафина атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университеті (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
- Миколас Ромерис университеті (Вильнус қ., Литва).

- Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 қылмыстық сотымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

 

Құқықтық ғылым мен салыстырмалы талдаудың өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқу және практикалық сабақтар өткізу үшін жыл сайын шетелдік ғалымдар ҚазҰПУ-ға келеді. Мұндай шақырулар: Беларусь мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы з.ғ.д. профессор С.А.Балашенкоға; з.ғ.к. доцент Ю.Л. Шевцовқа, з.ғ.к., доценттерге В.И. Самаринге және А.М. Хлусқа, Ресей Федерациясында з.ғ.к., Ресей Халықтар Достастығы университетінің доценттері (Мәскеу қ.) Д.О. Ежевскийге және Л.В. Сокольскийге жіберілді; Республикалық мемлекеттік қызмет және басқару академиясының Коми доценті, з.ғ.к. (Сыктывкар қ.) Ж.Б. Ивановаға, Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ. к., доцент Р.М. Клочкоға осы шақыртулар жіберілді.