қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Тасболат Ерболат Бекболатұлы

Тасболат Ерболат Бекболатұлы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН 

Алматы қаласында дүниеге  келдім. 1989 жылы Республикалық физика-математикалық мектепті, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті физика факультетінін «Физика» мамандығын бітірдім.   1994-1996 жылдар   аралығында Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарында әскері міндетімді атқардым.

2000-2015ж.ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер» институтының «Жалпы және теориялық физика» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқардым. Сонымен қатар, 2009-2010 жылдары аралығында «Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер» институтыны директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ал 2010-2011 жылдар аралығында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректор аппаратының орынбасары, әкімшілік бақылау бастығы қызметтерін  атқардым. 2015-2018 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физика кафедрасының меңгерушісі, 2018-2019 жж. осы кафедранын аға оқытушысы қызметтерін атқардым. 2019 жылы . 01.09-17.12 аралығында Каспий қоғамдық универститетінде ассоцияланған профессор қызметін атқардым. 18.12.2019ж.-15.09.2021ж. аралығында Көлік және логистика академиясының  «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызмтңн атқардым. 16.09.2021ж.-31.08.2022ж. аралығында осы академияның «Энергетика» кафердасының профессор ассистенті қызметнде жұмыс атқардым. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде аспирантураны бітіріп 2004 жылы «Анизотропты біртекті емес пьезодиэлектрикдердегі серпімді электр толқындарының таралу заңдылықтарын зерттеу»   тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2023 жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызынан бастап Абай атындағы ҚҰПУ Математика, физика және информатика институтының Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеп жатырмын.

Ғылыми және оқытушылық қызметті қоса атқарып жүрмін.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

Қазақ мемлекеттік университеті, физика факултеті

Физик, оқытушы

1994

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ

аспирант

1996-1999

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ

Физика-математика ғылымдарының кандидаты

2004

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Физика-математика ғылымдарының кандидаты

01.02.04 - Деформацияланған қатты дененің механикасы

22.10.2004

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

Бакалавриатта: Физиканы оқыту әдістемесі, Элементарлық физика, Мектеп физикасының құрылымы мен мазмүны, Мектеп экспериментінің техникасы мен әдістемесі ж.т.б. - қазақ, орыс  тілдерінде оқылады.

Магистратурада: Зерттеулердің ядролық физикалық әдістері- қазақ, орыс  тілдерінде.

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

«Болашақ физика мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік дайындауын жетілдіру» ғылыми бағытта жұмыс жүргіземін. 55-ге жуық жарияланымдары бар. Оның ішінде 5-ден астам оқулықтар мен оқу құралдары.

 

Ғылыми мақалалар: 

- The essence of the concept «Mathematical literacy». - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Хабаршысы №1(61) 2016. - Алматы: «Қыздар университеті»;     

- Некоторые вопросы подготовки будущих учителей математики к развитию учебных компетенций учащихся / Евразийский Союз Учёных (ЕСУ) №10 (19), 2016.«Актуальные проблемы в современной науке и пути их решения» 24 междунар. конф. 28.04.2016. Москва;

- Математиканы оқуға үйрену білігінің оқушылардың білім сапасын арттырудағы орны /Вестник КазНИТУ, №3, 2016;

 

Оқулықтар мен  оқу құралдары:

- Математикадан типтік есептер шығару  әдістемесі - 1. Оқу құралы. - Алматы: «Қыздар университеті», 2015.- 240 б. (Даулеткулова А.Ө.  ж.т.б. мен авт. бірл.) (ISBN 978-601-224-622-3);

- Алгебра и начала анализа. ОГН. 10 класс Учебник Алматы: Мектеп, 2014 - 160с. (в соавт. с Абылкасымовой и др.) (ISBN 978-601-07-0022-2);

- Алгебра және анализ бастамалары. ҚГБ. 10-сынып Оқулық Алматы: Мектеп, 2014. - 168б. (в соавт. с Абылкасымовой и др.) (ISBN 978-601-07-0014-7);

- Алгебра және анализ бастамалары. ҚГБ. 11сынып. Әдістем. нұсқау мұғалім. үшін.  - Алматы: Мектеп, 2015.-88 б.  (Әбілқасымова А.Е., Жадраева Л.У. мен авт. бірл.); (ISBN 978-601-07-0388-9);

-  Алгебра и начала анализа. ОГН. 11 класс. Метод. рук-во. Пособие для учителей. - Алматы: Мектеп, 2015. (в соавт. с Абылкасымовой и Жадраевой Л.У.) (ISBN 978-601-07-0526-5);

- Математикалық талдау 1. Оқу құралы. - Алматы: ТОО «Лантар Трейд». 2018. - 165 с. (ISBN 978-601-7975-22-7).

 

 МАРАПАТТАРЫ

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хат, 2018ж.


 


← Кері оралу