қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Қожашева Гульнар Оңалбаевна

Қожашева Гульнар Оңалбаевна

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН 

1955 жылы Алматы қаласында дүниеге келдім. 1972 жылы Кеген орта мектебін бітіргеннен кейін С.М.Киров атындағы ҚазМУ-тінің механика-математикалық факультетіне түсіп, 1977 жылы аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітірдім. Содан соң Талдықорған педагогикалық институтына министрлік жолдамамен келіп, «Геометрия және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында ассистент болып алғашқы еңбек жолын бастадым. Содан І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде университетте «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, академиялық профессор болдым. 2003 жылы кандидаттық диссертация қорғадым. 2009 жылы педагогика доценті ғылыми атағы берілді.  2006 жылдан 2016 жылға дейін  кафедра меңгерушісі, ал 2016 жылдан 2023 жылға дейін қауымдастырылған профессор міндетін атқардым. 2023 жылдың  қыркүйек айының 1 жұлдызынан бастап Абай атындағы ҚҰПУ Математика, физика және информатика институтының Математика, физика және инфориатиканы оқытудың әдістемесі кафедрасында доцент лауазымында жұмыс атқарамын.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

Математик, математика оқытушысы

1977 ж.

Абай атындағы КазПИ

Стажер-зерттеуші

1981-1983

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.02-Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі математика

2003 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Элементарлық математика, Элементарлық математика (геометрия ), Қазіргі заманғы математика сабағы, Мектеп математика курсының құрылымы мен мазмұны, Математикалыө есептерді шешуге арналған практикум.

Магистратурада: Математиканы оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздері, Теоретические основы проведения научно-исследовательских работ по методике обучения математике.

 

ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

«Болашақ математика мұғалімдерінің дайындыңын жетілдіру мәселелері» бағытында жұмыс жүргіземін. 2020-2021 ж. ҒжБ министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясындағы «Формирование профессиональных компетенций обучающихся в системе Школа-Колледж-Вуз в соответствии с международными стандартами посредством организации сетевого взаимодействия и использования дистанционных технологий» атты ғылыми жобаның жетекшісі болдым.

140 астам ғылыми мақалалардың, 3 монографияның, 11 электронды оқулықтың   және оқу процесінде қолданысын тапқан 25 оқу құралының авторы және 15 авторлық күәліктердің иегерімін.

Ғылыми мақалалар:

- S.Ignatjeva, Y.Gavrilova, Kozhasheva G. and other. Comparative analyses of inclusive education in latvia, Russia  and kazakhstan. 13th International Technology, Education and Development Conference Dates: 11th-13th March, 2019   Location: Valencia, SPAIN

- Кожашева Г.О.,Слямжанова С.С., Шагизада И. Peculiarities of modeling of economic problems. Наука и жизнь Казахстана, №1(74), 2019, 273-276 стр

- Кожашева Г.О., Жиембаев Ж., Гаврилова Е. О профессиональной направленности   подготовки будущих учителей в современных условиях. Наука и жизнь Казахстана, № 10, 2019;

-  Кожашева Г.О.,  Хуанған Р. «Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы критериалды бағалау - математикалық сауаттылықты арттырудың басты факторы», Наука и жизнь Казахстана, № 5/3 , 2020,  155-159 бет;

- Онгарбаева А., Кожашева Г.О. и др. Methodology of preparing future computer science teachers to create electronic educational resources, World Journal on Educational Technology: Current Issues Volume 13, Issue 3, (2021) 386-396

 

Оқулықтар мен оқу құралдары:

-Г.О.Кожашева, Г.Ш.Өкпебаева. Жоғары математиканың есептері мен жаттығулары.- Республикалық Оқу-Әдістемелік Кеңесінің кадрларды даярлаудың «061 Ақпараттық-коммуникативті технологиялар» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің грифі берілген оқу құралы, - Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2019.- 257 б.

- Kozhasheva G., Gavrilova Ye., S.Ignatjeva. Elements of higher mathematics (үш тілде).- Республикалық Оқу-Әдістемелік Кеңесінің білім берудің «Педагогикалық ғылымдар»  бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің грифі берілген оқу құралы,  Алматы, ИП «Беккожанова А.Г.», 2020ж. 10 б.т.

- Кожашева Г.О., Омаров Ж.А. «Сандар теориясының есептері мен жаттығулары»- Алматы, ИП «Беккожанова А.Г.», 2020ж. 10,5 б.т.

- Кожашева Г.О., Мальтекбасов М.Ж., Байдильдинов Т.Ж. и др. Сетевое взаимодействие и использование дистанционных технологий в системе профессионально-педагогического образования Талдыкорган, Типография „Офсет", 2020, 6,5 б.т.

-Кожашева Г.О., Омаров Ж.А. «Жоғары алгебраның есептері мен жаттығулары», Талдыкорган, ЖУ  Имиджік саясат орталығы, 2021, 10,5 б.т.

 

МАРАПАТТАРЫ

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (2012)

 «Қазақстан конституциясына 20  жыл» (2015) мерекелік медалі

«Ы.Алтынсарин» төс белгісі (2016)

«І.Жансүгіров» төс белгісі (2021) 

 «Ерен еңбегі үшін» төс белгісі (2022)  

 2019 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері

2012 жылдан Алматы облысы Кербұлақ ауданының құрметті азаматы.

 

 


← Кері оралу