қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Наурызбаев Дарманбек Бахытулы

Наурызбаев Дарманбек Бахытулы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Мен, Наурызбаев Дарманбек Бахытулы 1996 жылы 9 мамыр Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында дүниеге келдім.

2002 жылы Бейнеу орта мектебінің 1 сыныбына барып, мектепті 2013 жылы аяқтадым.

2013-2017 жылдары аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, физика, математика және информатика институтында «5В011100-Информатика» мамандығы бойынша бакалавр білімін алдым.

2017-2019 жылдары аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, физика, математика және информатика институтында «6М011100-Информатика» мамандығы бойынша магистр білімін алдым.

2019-2020 жылдары аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, «Физика, математика және информатика» институтында, «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасында оқытушы қызметін атқардым.

2020-2021 жылдары аралығында Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу аудандық білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік оратылығы» КММ-де әдіскер қызметін атқардым.

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, «Физика, математика және информатика» институтында, «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасында оқытушы қызметін атқарып келемін.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау уақыты

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

5В011100 - Информатика мамандығы бойынша білім бакалавры

2017 ж.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6М011100 - Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

2019 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  

Программалау

WEB технологиялар

Бұлттық технология

Алгоритм және деректер құрылымы

Объектіге бағытталған бағдарламалау

 


← Кері оралу