қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Турганбеков Динмухаммед Маратұлы

Турганбеков Динмухаммед Маратұлы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН

Мен, Турганбеков Динмухаммед Маратұлы, 1996 жылы 09 маусым жұлдызында Алматы қаласында өмірге келдім. 2012 жылы О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 0412000- кескіндеу, мүсіндеу және графика мамандығына оқуға түсіп 2016 жылы үздік дипломмен бітірдім. Осы жылдары, 2015 жылы өткен «Шабыт» XVIII Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінде өткен байқауда бейнелеу өнері (мүсін) номинациясы бойынша қолжеткен табысым үшін марапатталдым, сонымен қатар, Children are painting the world. Asia 2015-2016 жылы ЮНЕСКО- ның дипломымен марапатталып және осы аталган жинаққа «Арман» атты туындым енді. 2016 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 5В042100-дизайн мамандығына түсіп 2019 жылы үздік дипломмен аяқтадым. 2019 жылы осы аталған университеттің 7М02120-Дизайн. Графикалық дизайн мамандығына магистартураға түсіп, 2021 жылы 7М02120-Дизайн. Графикалық дизайн мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша өнер ғылымдарының магистрі дәрежесін алып шықтым. Мен, 2018 жылы студенттер, магистранттар, докторанттар және 35-жасқа дейінгі жас ғалымдар арасында жарияланған «STARTUP» ғылыми жобасына «Графикалық дизайындағы «Виртуалды шынайлылықтың» компьютерлік технологиясы» атты тақырыппен қатысып 500 000 тенге ұтып алсам, ал, 2019 жылы «Латын графикасына негізделеген қазақ тілі әліпбиінің дизайн саласындағы стилін жаңғырту» тақырыбында қаржыландыру сұраныс сомасы 800.0 мың теңгелік қолданбалы зерттеу бойынша жобаны жасап шықтым. Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиетінің 90-жылдығына орай студент жастар арасында ұйымдастырылған «Үздік университет логотипі» байқауының 1-орын иегері атандым. 2016-2017 жылдары ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттердің 71 және 72-ші ғылыми-зерттеу конференциясында I-орын дипломымен марапатталдым. Сонымен қатар, 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша Президенттік стипендия иегері атандым.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Абай атындағы ҚазҰПУ

05042100- Дизайн (Графикалық  дизайны)

2016-2019 жж.

Абай атындағы ҚазҰПУ

«7М02120 - Графикалық  дизайны»

2019-2021 жж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Магистр, оқытушы

««7М02120 - Графикалық  дизайны»

20.06.2021ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕР

Макеттеу, компьютерлік графика, кәсіби компьютерлік бағдарламалар, дизайн негіздері, фотографика

 

ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

1. Фирмалық стилді қалыптастырудың теориялық  негіздеріХабаршы №4(61) «Көркемөнердің білім беру: өнер - теориясы - әдістемесі» сериясы. - Алматы: «Ұлағат» баспасы,  2019, Хабаршы №4(61). --Б.231-http://rmebrk.kz/journals/5330/10413.pdf

2.Латын графикасының көркем стилінің кітап дайындаудағы теориялық. The VII International Science Conference «Modern science and practice», March 26 - 27, 2021, Boston,Pp. 15-18. негіздеріhttps://eu-conf.com/wp-content/uploads/2021/03/VII-Conference-Modern-science-and-practice.pdf

3. Латын  графикасының көркем стилі Б.А.Әлмұхамбетовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи жастарды этномәдени тәрбиелеу - ҧлттық кодты сақтаудың негізі» тақырыбында Халықаралық ғылымитәжірибелік онлайн-конференция, 2021, 19 мамып, -Б.15-20 https://kaznpu.kz/docs/docs/2021_korkem.pdf

4.Қосымша білім беру мекемелерінде білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекшеліктеріProceedings of the 1st International Scientific Conference «Foundations and Trends in Modern Learning» (January 12-13, 2022). Berlin, Germany, 2022 -P. 64-6https://ojs.publisher.agency/index.php/FTML/issue/view/13/37

 

МАРАПАТТАР

1.Құрмет грамотасы. Университеттің оқу тәрбие ісі мен қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін Өнер, мәдениет және спорт институтына 95 жыл» мерекесіне орай марапатталды.      (03.10.2023).            

2. Алхыс хат «Уздік эдвайзер» Университеттің оқу процесінің дамуына және нығайуына атсалысқаны үшін марапатталды.      (07.06.2023).            

 

 

 

 


← Кері оралу