|
| |
Әлеуметтік -тәрбие қызметі 2014-2015 оқу жылында кафедраның 11 оқытушы-профессорлары топ жетекшілері болып бекітілді. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары: 1) Жалпыуниверситеттік шаралар 2) Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары 3) Адамгершілік-рухани және имандылық тәрбие беру 4) Қазақстандық патриотизм, отаншылдық тәрбие беру 5) Экологиялық және эстетикалық тәрбие беру 6) Ұлттық тәлім-тәрбие негіздеріне баулу, халықтық педагогика ұстанымдарын насихаттау 7) Дене тәрбиесі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жаппай спорт түрлерін дамыту 8) Құқықтық тәрбие беру. Құқық бұзушылықтың алдын алу және Қоғамдық тәртіпті нығайту 9) Экономикалық тәрбие беру 10) Әлеуметтік қолдау көрсету 11) Жас таланттарды дамыту және қолдау 12) Діни сауаттылықты көтеру, студенттер арасында діни экстремизм мен ұлтаралық жанжалдарға жол бермеу шаралары 13) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу шаралары 14) Студенттерге психологиялық көмек көрсету Эдвайзерлер мен тәлімгерлердің өткізген іс-шаралары Осы берілген міндетті мазмұндарды сақтай отырып, кафедраның оқытушылары мен профессорлар құрамы студент жастарды тәрбиелеу бағытында жан жақты үлкен жұмыстар атқаруда. Студенттердің азаматтық көзқарасын қалыптастыру мен тұлғалық қабілеттерінің дамуына жол ашу мақсатында, тәлімгерлер өз топтарымен бірқатар тәрбиелік іс-шаралар өткізді. Институт, университет көлемінде өткен әртүрлі іс-шараларға, форумдарға, акцияларға топ тәлімгерлері бас болып, қадағалау жасап қатысып отырады. Оқу жылы барысында студенттер эдвайзерлермен бірге Алматы қаласының теартрларын, көрмелерін, Ә.Қастеев атындағы мұражайды, жас натуралистер станциясын аралап экскурсияға шығады. Жыл бойы топ тәлімгерлері өздерінің жұмыс жоспарларына сай студенттермен әртүрлі мәдени шаралар өткізіледі.
|