қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Керімбек Жылбек Сенбекұлы

Керімбек Жылбек Сенбекұлы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ 

1974 жылы 3 қаңтарда Түркістан (бұрынғы Оңт.Қазақстан) облысында дүниеге келген. И.В.Панфилов атындағы қазақ орта мектепті (1991), Абылайхан атындағы Қазақ Мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін (1998) бітірген. Сол жылы жолдама бойынша Абылай хан атындағы ҚМХҚжӘТУ-нің Халықаралық қатынастар факультетінде оқытушы болып қызметін бастады (1998-2001). Қосымша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында ағылшын тілінде дәріс оқыды (1999-2000). Алматы және Астана қалаларында түрлі қызметтер атқарды (2001-2013). Сүлеймен Демирел университетінде дәріс берді (2010-2013). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университентінде аға оқытушы ретінде қызмет етті (2014-2015). Шет тілдері және іскерлік карьера университетінде дәріс берді (2015-2019). Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің "Халықаралық коммуникация" кафедрасында аға оқытушы болды(2019-2020).

2020-2021 оқу жылына бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет етеді.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру жылы 

Абылайхан атындағы Қазақ Мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Филолог, оқытушы

1998

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

магистратура

2014

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

докторант

2017

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылыми саласы

Диплом берілген жылы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Шығыстану

2014

PhD докторант

Әдебиеттану

2017

  

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

екі тілде дәріс оқиды:

Бакалавриатта:  Ағылшын тілі, Ілгермелі ағылшын тілі

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Әдебиеттану саласындағы ғылыми мәселелер бойынша 30-ға жуық мақала жарияланды, оның ішінде БжҒМ БҒСБК журналдарының тізімінде 3 мақала жарық көрді:

1.«Жүсіп-Зылиха» образының әдебиетте бейнеленуі. ҚР ҰҒА Хабарлары, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы, Алматы, 4(314), шілде-тамыз, 2017 ж. 132-135 беттер

2.Әлем әдебиетіндегі «қубас» діни образы. ҚР ҰҒА Хабарлары, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы, Алматы, 4(308), шілде-тамыз, 2016 ж.

3.Кеңес үкіметі тыйым салған діни дастандар. ҚР ҰҒА Хабарлары, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы, Алматы, 2(306), наурыз-сәуір, 2016 ж.

 

МАРАПАТТАРЫ

Алматы қалалық әкімдігінің «Көрікті жарнама - көркем тіл» байқауының жүлдегері (Алматы,2007);
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті «БАҚ және мемлекеттік тіл» байқауының «Үздік автор» аталымы бойынша жүлдегері (Астана,2010);
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Құрмет» грамота(Астана, 2010);
7-ші Қысқы Азия олимпиадасының алаугері (Алматы,2011);
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті «БАҚ және мемлекеттік тіл» байқауының «Үздік радиожурналист» аталымы бойынша жүлдегері (Астана, 2012).

 


← Кері оралу