Біз туралы | Главная /
Кейшилова Сауле Мухтарханқызы
Кейшилова Сауле Мухтарханқызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ 1971 жылы 31 наурызда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Алты-үй ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Панфилов ауданындағы Ә.Қастеев атындағы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Алматы шетел тілдері педагогикалық институтының ағылшын тілі факультетіне оқуға түсті. 1993 жыл университетті бітірген соң, Алматы малдәрігерлігі институтының шетел тілдері кафедрасына оқытушылық қызметке қабылданған. 2011-2013 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің филология факультетінде магистратурада оқыды. 1993-2021 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің және Туран университетінің шетел тілдері кафедраларында аға оқытушы болып, қызмет атқарды.2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де практикалық ағылшын тілі кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ екі тілде дәріс оқиды: Бакалавриатта: Шетел тілі. Ілгерілмелі шетел тілі.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Ағылшын тілі пәні бойынша бірнеше оқу әдістемелік құралдар мен сөздік авторы. Сондай-ақ үнемі ҚР БҒМ БҒСҚК мерзімді баспаларда және халықаралық конференцияларда мақалалар жариялап отырады
МАРАПАТТАРЫ Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығы ұсынған А.Байтұрсынов атындағы күміс медаль. 2020 ж. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақ ұлттық аграрлық университеті 85 жыл» медалі. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақ ұлттық аграрлық университеті.Алғыс хат.-2021ж
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|