Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
07.11.2018 Рединг университетіндегі ғылыми тағылымдама
2018 жылдың 16-31 қазан аралығында Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасының доценті, т.ғ.д. Раушан Тургумбаева Великобритания мемлекеті, Рединг қаласы, Рединг университетінің химия және фармация факультетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама аясында келесі жұмыстар атқарылды: - жоғары оқу орнының химиялық зертханаларымен және құрал-жабдықтарымен танысу; - химия және фармация факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарымен танысу; - Редингт университетінің кітапханасында ғылыми материалдар дайындау.
Раушан Тургумбаева университеттің алдыңғы қатарлы ғалымдарымен пікірлесіп, іс-тәжірибемен алмасты, ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыстар жүргізіп, ғылыми материалдар жинақтады.
|