қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Бекбаева Толқын Аманжолқызы

Бекбаева Толқын Аманжолқызы

 

Бекбаева Толқын Аманжолқызы 7 Қараша 1976 жылы туған. ШҚО, Семей қ. тумасы. Шәкәрім атындағы "Семей" мемлекеттік университетінде "гуманитарлық" факультетінде оқып, 1993-1997 жж. аралығында университетті бітіргеннен кейін тарихшы - мұрағатшы біліктілігі беріліп, №444 диплом нөмірі берілді. 1999 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ аспирантурасына түсіп, 2003 жылы бітіріп, 2006 жылы 13 қыркүйекте кандидаттық диссертациясын қорғады. Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-да Академик Т.С. Садықов атындағы "Қазақстан тарихы" кафедрасында жұмыс істейді.

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Квалификациясы

Бітірген уақыты

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

Тарихшы-мұрағатшы

1997 жылы

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Тарих ғылымдарының кандидаты,

профессор

Отан тарихы, мұрағаттану, саясаттану

27 маусым 1997 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ: Қазақстанның қазіргі заман тарихы,

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ.

Монография 1: «ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Мұсылмандық қозғалыстың Қазақстан тарихында алатын орны». Алматы: Айтұмар, 2012 ж. - 230 бет

Монография 2: «Аягөз қаласының тарихы (1831-2011 жж.)». Алматы: Айтұмар, 2013 ж. - 280 бет.

1.Қоғамдық сананы жаңғыртудағы патриотизм. //ХАБАРШЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, 2020, №3(66), 250-255 б.

2.Қазақстан жастарының интеллектуалды дәрежесін көтеру. //ХАБАРШЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, 2020, №4(67), 330-335 б.

3.How Kazakhstan citizens asked G.V.Kolbin ?..." Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Алматы, 2016 ж. - 168-172 бб.

4.The international collisions in Kazakhstan during the breaking up of Soviet Union. // ҚазҰПУ Хабаршысы. Алматы, 2017 ж.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ.

Зерттеу тақырыптары: тарихты оқыту әдістемесі.

1.2021 ж. 15 қаңтарда №14454 ғылыми туынды   «Қазақстан жастарының интеллектуалды дәрежесін көтеру» тақырыбында авторлық құқық куәлігі

2.ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Аякөз қаласының саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық дамуының кейбір мәселелері. «Казахстан и Китай: исторические аспекты общественных отношений между двумя странами» халықаралық онлайн конференция. Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ. 26 ақпан 2021 ж. - 77-79 бб.

3.Патшалық Ресейдің басыбайлылықтан босатылған орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру саясаты. Б.С. Жұмағұловтың 70 жылдық мерейтойына орай «Қазіргі тарих ғылымы: өлкетану, аймақтық және локальді тарих мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Абай ат. ҚазҰПУ, Алматы - 24 қараша 2021 ж.

4.Қазақстанда округтар ашудың алғышарттары мен бастапқы даму кезеңі. «Ұлы Даланың Ұлы тұлғалары: Әжібай батыр Найманұлының тәуелсіздік жолындағы күрескерлік ерлігі мен өнегелі іс-қимылдары» атты  халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы - 25 қараша 2021 жыл

5.Қазақ даласында әскери қызмет атқарған  казак әскерлерінің жергілікті халықпен қарым-қатынасы (1840-1890 жж.). «Қазақстан республикасы және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ҚазҰҚПУ, Алматы. - 08 ақпан 2021 жыл

 

 

 


← Кері оралу