Әлеуметтік тәрбие қызметі
2017 жылдың 17 қарашасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті шетел филологиясы үйғыр тілі мамандығының студенттері Қ.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік Академиялық Ұйғыр театрында қойылған Ә.Әхмәтовтың «Махмұд Қашқари» атты спектаклін тамашалап қайтты. Аталмыш спектакль студенттерді түркі халықтарының филологы және лексикографы М. Қашқаридың өмірімен шығармашылығы жайында хабардар етті. Спектакль соңында студенттер пьесса авторы А. Ахметовпен жеке кездесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіндегі студенттер білім алумен қатар аталмыш оқу орнында өткізілетін тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысып келуде.
Кафедра ПОҚ тәрбие жұмысына байланысты төмендегі іс-шараларды қамтиды: студенттің жеке адами қасиеттері мен кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған тәрбие жұмыстары, полимәдени және рухы асқақ тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған тәрбие жұмыстары, Қазақстан патриотизмі мен қоғамдық жауапты тұлға, Республикамыздың атаулы күні мен ресми мейрам күндеріне байланысты тәрбие жұмысы, салауатты өмір салтына негізделген тәрбие жұмыстары.Кафедраның ПОҚ тәрбие жұмыстары тәрбие жетекшілігі қызметі арқылы да және тиісінше әртүрлі жиын, диспут, ашық сабақ сияқты формаларда да өз міндетін атқарады. Осындай басты жұмыстардың барлығы студенттер арасында үлкен ілтипатқа ие. Кафедра ПОҚ түрлі сайыс-жарыстар өткізіп, оның ішінде спортттық сайыстарды үнемі өткізіп тұрады. Оқып жатқан шет тіліне байланысты сол тілдің еліндегі ұлттық мейрамдарды атап өту, түрлі мәдени іс-шараларға, оның ішінде түрлі көрмелер мен кинофильмдер, спектакль мен концерттік бағдарламаларға қатысу да ПОҚ назарынан тыс қалған емес. 2015 жылдың 26 ақпан күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына екі шеттілі:қытай-ағылшын мамандығының 3 курс студенттері тәрбие жетекшісі аға оқытушы Алмабекова Асельмен «Келіндер көтерілісі» атты қойылымды тамашалады. 2015 жылдың 12 наурыз күні Шығыс тілдері кафедрасының ПОҚ ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы-еліміздегі ауызбіршіліктің күре тамыры» атты дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстелдің жұмысы жайлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан халқы Асссамблеясының «Барбанг» күрдтер қауымдастығы қолдауымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Филология және көптілді білім беру институтының Шығыс тілдері және аударма кафедрасы 2016 жылдың 23-қарашасында «Қазақстанда мәдениетаралық және ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту» туралы республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл дөңгелек үстел жұмысына Египет Араб Республикасының елшілігі жанындағы мәдени орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Хемдан Ибрагим «Қазақстан және Араб елдерінің мәдениетаралық қарым қатынасының ерекшеліктері» атты баяндамасын оқыды. Әсіресе жиналған студенттер мен магистранттар үшін ең қызықты есте қаларлығы Қазақстан халқы Ассамблеясының Сарапшылық кеңесінің мүшесі, ҚР- дағы Корейлік этномәдениет орталығының төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Георгий Васильевич Канның алғысөз сөйлеуі болды. Ол біздің еліміздің тәуелсіздігіміздің тарихындағы маңызды кезеңдері мен ондағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ерекше рөлі туралы тыңдаушылардың есіне салды; өз көзімен көрген жағдайлардың біріҚиыр Шығыстан кәріс халқының қоныс аудару тарихы туралы әңгімеледі; әртүрлі ұлттардың барлығын жылы әрі шын жүрекпен қабылдаған Қазақстан халқына алғыс айту күнін ұйымдастыру бастамасын алға қойғаны жайында атып берді. Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР-дағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс тілдер және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Князь Ибрагимович Мирзоев Қазақстандық этносаралық және қоғамдық келісім моделінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Шығыс тілдері және аударма кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жұмабекова Айгүл Қазкенқызы мәдениетаралық құзыреттілік және аударманы қалыптастыру бойынша университет курсын құру тәжірибесі туралы әңгімелеп берді. Этносаралық толераттылықты қалыптастыру мәселесіне Бекбенбетова Қазына Асанқызы тәрбие жұмысы бойынша жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары; Момбекова Әлия Әнуарбекқызы - п.ғ.к., «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторының орынбасары; Тохметов Асылбек Темірбекұлы т.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Шығыс тілдері және аударма кафедрасының профессоры; Сұлтаниязова Индира Сағындыққызы PhD докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы; Шеңгелбаева Нұржамал Рақымжанқызы ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Шығыс тілдері және аударма кафедрасының аға оқытушысы және басқалары баяндама жасады. Тыңдашыларды қазақ тідінде баяндама оқыған аударма бөлімінің магистранттары Ирина Варатинцева мен Светлана Сотникова таң қалдырды. Іс шара достық, бейресми жағдайда қызықты өтті.
|