қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Мейрманов Аманжол Досжанович

Мейрманов Аманжол Досжанович

 

Қысқаша өмірбаяны

Мейрманов Аманжол Досжанович, 1967 жылы 4 ақпанда Талдықорған облысы, Алакөл ауданында дүниеге келген. Қызылащы ауылының Киров атындағы орта мектебінде оқыды. 1985-1992 жж. ҚазМУ-інің Филология факультетінде білім алды.   1992 -2020 жж. ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану  және дінтану институтында ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс жасап, 80-нен астам ғылыми мақалалардың, оның ішінде 12 ұжымдық монографияның авторы. «Қазақ даласының ойшылдары» 3  томдық, «Қазақ философиясының тарихы» 5 томдық,  «Қазақ руханияты: тарихи және рухани мәдени негіздер», «Қазақ эстетикасының құндылықтық-мағыналық негіздері», «Жаһандану жағдайында шетел қазақтарының  құндылықтық әлемінің жаңаруы», «Еліміздің рухани жаңғыруы аясындағы қазақ халқының этикалық ойының болашағы»  т.б.  ұжымдық монографияларда  қазақ философиясының тарихы, этика, эстетика, мәдениетану, ұлттық рәміздер тақырыптары бойынша зерттеулері жарияланған. 2020-2023 жж. арналған ҒЗЖ-на орындаушы ретінде ұсынылған.

 Ғылыми-зерттеушілік қызметімен қатар, 2003 - 2008жж. аралығында «Қазақ Энциклопедиясында» ғылыми-әдеби бақылау редакциясының жетекші маманы қызметін атқарып, 10 томдық «Ұлттық энцилопедияны» шығаруға үлес қосты. 2009-2010 жж. Түркістан қаласы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі қызметінде, Ясауи мұралары бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізді. 2013-2016 жж. әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-інде «Философия» мамандығы бойынша магистратурада оқып,   «Қожа Ахмет Яссауи мұрасының мәдени-рухани негіздері» тақырыбында диссертация қорғап, «Гуманитарлық ғылымдар магистрі» үздік дипломын алды. 2017-2020жж. аралығында ҚазБСҚА профессордың ассистенті лауазымында оқытушылық қызмет атқарды. 2017-2020 жж.Алматы қ. «Діни тероризмнің алдын алуға байланысты апараттық-түсіндіру тобының» лекторы.

2020ж. ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілік

Бітірген жылы

Әл-Фараби атындағы ҚазМУ

Филология, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

1992ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Гуманитарлық ғылымдар магистрі 6М020100-Философия

2016ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәреже атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күні

Магистр

Гуманитарлық ғылымдар

01.06.2016ж. ЖООК -М № 0088475

 

Оқитын пәндері 

Философия

Философия

Антикалық философия

Герменевтика

Дінтану

Діни сана мәселелері

 

Ғылыми қызметі:

1. «Кемел адам» ұғымының символдық мазмұны (тарихи жәдігерлер мысалында семиотикалық талдау) // ҚР ҰҒА ХАБАРЛАРЫ. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы. - №4. - 2012. 63-70 бб.

2. Мифологиялық мазмұн мен символдық мәннің танымдық қызметі// Әл-Фараби.- № 1- 2014ж. 70-76-бб

3. Сопылықтағы руханилықтың рәміздік көріністері және дәстүр сабақтастығы// Қазақ руханияты: тарихи-философиялық және этномәдени негіздерҰжымдық монография / З.К. Шаукенованың жалпы редакциялауымен.- Алматы: ҚР БҒМ ФСДИ КИЦ, 2013. - 375 б. (65-100 бб)

4. Қожа Ахмет Ясауи рухани мұрасының философиялық қырлары// Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін) Қазақ философиясының қалыптасуы: ежелгі түркілік дәуір 1-том. / З. К. Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. - Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. - 391б.-230-275бб.

5. Қазақтың діни-мәдени мұрасын көркемдік-эстетикалық және символдық тұрғыдан талдау// Қазақ эстетикасының құндылықтық-мағыналық негіздері. Ұжымдық монография / Жалпы ред. басқ. З. К. Шәукенова , С.Е. Нұрмұратов. - Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2014. - 234б.-189-214бб.

6. Танымдық ізденіс адам болмысының мәні// ФСДИ М.О Әуезов атындағы ҚР Ұ ҒА-ның Әдебиет және өнер институтымен бірлесе отырып өткізген 8 сәуір2020 ж. «Абайдың рухани философиялық мұрасы және қазіргі заман» онлайн Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары

7. Шәкәрімнің ар ілімі және қазақ этикасының болашағы// Еліміздің рухани жаңғыруы аясындағы қазақ халқының этикалық ойының болашағы. Ұжымдық монография. - Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2020. - 272 б. 141-166 бб. . http://iph.kz/ru/izdaniia/knigi/

 


← Кері оралу