Негізгі бет /
Хабарландыру
14.10.2015
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті филология ИНСТИТУТЫ шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар және студенттер! 2015 жылдың 24 қараша айында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология институтына қарасты шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымының кандидаты Ф.Г. Брулеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «Тіл білімі, әдебиеттану және лингводидактикадағы өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өтеді. Ұйымдастыру комитеті ғылыми қызметкерлерді, ЖОО-ның оқытушыларын, докторанттар мен магистранттарды, студенттерді және мектеп мұғалімдерін дөңгелек үстелге белсенді атсалысуға шақырады. Дөңгелек үстел жұмысының бағыттары: - Педагогика ғылымдары - Ұлттық тәрбие - Филологиялық ғылымдар - Көптілді білім беру: - Әдебиет пен тілді оқытудың әдістемесі Дөңгелек үстел жұмысының тілдері: қазақ, орыс тілдерінде болады. Дөңгелек үстел материалдары арнайы жинақта жарияланады.
Дөңгелек үстелге қатысу және жинақты шығару үшін: 1. 2015 жылдың 1 қарашасына дейін дөңгелек үстел жұмысына қатысу жөнінде өтінім мен мақала ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберілуі тиіс (үлгі бойынша); Мақала көлемі 5 беттен аспауы тиіс. Парағы - А4. Шрифт: Microsoft WORD, Times New Roman (Times New Roman KZ), өлшемі - 14, жол аралығы - 1 интервал. Беттің көлемі - сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см, жоғары және төменгі жағы - 2 см; Дөңгелек үстелдің ұйымдастыру жарнасының төленгені туралы түбіртек көшірмесін мына мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз: rus.kafedra@mail.ru 2. Мақалалар мен өтінімдер төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады: шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы (217 офис) Абай атындағы ҚазҰПУ-дың математика, физика және информатика институты Төле би көшесі, 86, Алматы қаласы, сондай-ақ төмендегі электрондық поштаға жіберуге болады: е-mail: rus.kafedra@mail.ru. Дөңгелек үстел қатысушыларының мекен-тұрағы, тамақтануы іссапарға жіберуші ұйым тарапынан төленеді.
Материалдарды рәсімдеу ережесі: 1. Мақала атауын беттің ортасына орналастыру керек (бас әріптермен, 14 кегль). 2. Төменнен ортаға қарай автордың тегі, аты- жөні (жартылай жуан қаріп,12 кегль). 3. Тегінің астына өзіңіздің мекемеңіздің аты, қала аты (10 кегль) 4. Электронды пошта (курсив, 10 кегль) 5. Жиектері: жоғары- төмен, оң және сол жақтары - 20 мм, кітаптық бағыт 6. Жол аралық интервал- бірлік 1,0 7. Әдебиеттерді төмендегі үлгі бойынша рәсімдеу керек:
1. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедение в преподавании русского языка как иностранного. - М.: Русский язык, 1990. - 269 с. 2. Абилгалиева М.Х. Сопоставительный анализ соматической фразеологии казахского и немецкого языков: автореф. ... канд. филол. наук: 10.02.06. - Алма-Ата, 1992. - 23 б. Мәтін ішіндегі сілтемелер келесідей теріледі: [1, 11], 1- әдебиет атауы, 11- бет. Қатысушылардың өтінімін келесі үлгі бойынша дайындау керек Дөңгелек үстелге қатысушының өтінімі:
Мақалалар мен өтінімдер мына мекен-жайда қабылданады: Дөңгелек үстелге қатысушыларды тіркеу 2015 жылдың 24 қарашасында сағат 09.00 -10.00 дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас ғимаратында өтеді (Достық, 13, 413 аудитория).
Дөңгелек үстел жұмысының басталуы: 24 қараша 2015 ж., сағ 10.00
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы - 8(727)261-65-98, Кафедра меңгерушісі Бегалиева Сәуле Баязқызы - 8(702) 777 16 04 Жауапты хатшылар: Алиева Динара Асылханқызы - моб.т. 8 (701) 726 3935. Казабеева Виталия Алексеевна - моб.т. 8 (701) 351 3449 e-mail: rus.kafedra@mail.ru
Ұйымдастыру комитеті
|