Негізгі бет /
Хабарландыру
06.04.2022 Ұлттық біліктілік тестілеуіне өтініштерді қабылдау туралы ақпарат
Педагогтің тестілеу тапсыру үшін берген өтініші ҰТО-ның немесе ол белгілеген ұйымның деректер базасына түседі. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым педагогтің жеке кабинетіне тестілеуге рұқсаттама жібереді.
ҰБТ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде педагогтің өтінішіне сәйкес өткізіледі.
Педагогтер үшін аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) ҰБТ; 2) эссе; 3) біліктілік бағалауы; 4) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау; білім беру ұйымдарының және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін: 1) ҰБТ; 2) біліктілік бағалауы; 3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау. Педагогтер ҰБТ-ны: - күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет - ақысыз; - күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде; - күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер - ақысыз; - сынақ (педагогтің қалауы бойынша) - күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде; педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар: - күнтізбелік жыл ішінде 1 рет - ақысыз; - білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары күнтізбелік жылда 1 (бір) рет - ақысыз; - күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде; - сынақ (қалауы бойынша) - күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде. ҰБТ-ның уақыты: - «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін - 4 сағат (240 минут); - «Мектепке дейінгі білім беру» және «Қосымша білім беру» бағыттары үшін - 2 сағат (120 минут); - өзге педагогтер үшін - 3 сағат 30 минутты (210 минут) құрайды.
|