Біз туралы | Главная /
Жанысбекова Шайзат Тұрақбайқызы
Жанысбекова Шайзат Тұрақбайқызы
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында 1973 жылы 1 сәуір күні дүниеге келген. 1980 жылы Қызылжар орта мектебіне оқуға барып, 1990 жылы бітірген. 1991 жылы Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінде оқыды. 1992 жылы осы аталған университеттің филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті, қосымша тарих мамандығына оқуға түсіп, 1996 жылы қызыл дипломмен тәмамдады. Университеттің арнайы жолдамасымен 1996 жылы Жетісу мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына оқытушы қызметіне тағайындалды. 1998-2002 жылдары «Шетел қазақтарының ауыз әдебиеті» бағытында сырттай бөлім аспирантурасында оқыды. 2003-2005 жылдары Алматы облысы әкімдігінің аппаратында мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы боп жұмыс істеді. 2005-2013 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің Бас сарапшысы қызметін атқарды. Тұрмыста, екі баласы бар. 2017-2019 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Қазіргі уақытта Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Шетел азаматтары және ЖОО дейінгі дайындық факультетінде оқытушы болып жұмыс істейді.
БІЛІМІ:
Ғылыми дәрежесі
Оқытылатын пәндер: қазақ тілі (оқу сауаттылығы)
Ғылыми бағыты: Орта мектепте ауыз әдебиетін оқыту әдістемесі
Ғылыми - әдістемелік бағыты - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде ауыз әдебиетін оқытудың маңызы Осы бағытта жарияланған мақалалар: Орта мектепте ауыз әдебиетін оқытудың маңызы., Алматы., 2018., Ауыз әдебиетін оқытуда цифрлық құрылғыларды қолданудың ролі., Алматы., 2018., Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ әдебиетін оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану әдістемесі., Алматы., 2019.
Марапаттары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхаммедтің алғыс хаты., 2008ж., «Қазақ тілінің жанашыры» төсбелгісі., 2009 ж., Абай атындағы ҚазҰПУ Грамотасы., 2020 ж.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|