қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.03.2022

«Латын әліпбилі әдістаным» дөңгелек үстелі өтеді

 

2022 жылдың 30 наурызында сағат 15.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Ғылым департаменті «ABAI LABS» ғылыми-инновациялық паркі жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы «Латын әліпбилі әдістаным» пәні бойынша пікір алмасу дөңгелек үстелін өткізеді.

 

Мақсаты - Университетте жүріп жатқан «Латын әліпбилі әдістаным» пәні бойынша оқытушылармен тәжірибелік және әдістанымдық мәселелер бойынша пікір алмасу.

 

Дөңгелек үстелде ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, п.ғ.д., профессор Оразбаева Ф.Ш. «Латынәліпбилі әдістаным» пәнінің мақсаты мен міндеттері жөнінде кіріспе сөз айтады. Ф.ғ.д. Қалыбаева Қ. «Латынәліпбилі әдістаным пәнінің білім мазмұны», аға оқытушы Сейталиева Қ. «Латынәліпбилі әдістаным пәнінің нормативтік ұстанымдары» тақырыптарында баяндама жасайды. Шара барысын С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор-оқытушылары ф.ғ.к. Ж. Қоқанова, ф.ғ.к. Г. Раева жалғастырады.

 

Дөңгелек үстелдің міндеті - университет бойынша латын әліпбиіне байланысты жүргізіліп жатқан пәннің бағдарламасын талқылау, оқу-әдістемелік кешендердің өзектілігі мен нәтижесін анықтау.

 

Семинарға кафедра оқытушылары, мектеп мұғалімдері, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.

 

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. 413 аудитория.