қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.02.2022

«Арнайы дефектологиялық білім берудің өзекті мәселелері» вебинары өтеді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Виртуалды зертхана қызметі аясында профессор З.А.Мовкебаеваның жетекшілігімен және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің педагогтер мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымының Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылға арналған инклюзивті және арнайы білім беру бағдарламасы аясында 2022 жылдың 1 наурызда ZOOM арқылы «Арнайы дефектологиялық білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында он жетінші онлайн-вебинар өткізу жоспарлануда.

 

Спикерлері - Лариса Кобрина, А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің проректоры, РФ Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің сараптамалық кеңесінің мүшесі, инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ленинград облысының жалпы және кәсіптік білім беру комитетінің алқа мүшесі, Ленинград облысының халықты әлеуметтік қорғау комитеті жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

 

Вебинарға қатысуға арнайы педагогика бойынша білім беру бағдарламаларының басшылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп қызметкерлері, психологтар, дефектологтар және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады!


Өткізілетін уақыты
-18:00.


Zoom кездесуіне қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/89990496185?pwd=K3Y2eDZRRmx6cnFjajBZQXRYVTRxUT09


Конференция ID: 899 9049 6185

 

Коды: 439828