қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
25.02.2022

Айтыс сүйер қауым назарына!

 

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып, жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры - айтыс.

 

2022 жылдың наурыз айының 2-3 күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Менің пірім - Сүйінбай» дәстүрлі VI республикалық дүбірлі жас ақындар айтысы өткізіледі. Аталмыш айтысқа елуге жуық жас ақын қатысады.

 

Құрметті айтыс сүйер қауым! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті баршаңызды дүбірлі айтысты тамашалауға шақырады.


Айтыстың іріктеу кезеңі 2 наурыз күні сағат 11.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бас оқу ғимараты 225 акт залында, ал ақтық кезеңі 3 наурыз күні сағат 11.00-де «Алатау» дәстүрлі театрында өткізіледі.