Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметкерлері!
Абай университетінің серіктес университеті - Перпиньян Виа Домитья Университеті (Француз Республикасы) Эразмус+ академиялық ұтқырлық шәкіртақы бағдарламасына қатысуға шақырады.
Эразмус+ академиялық ұтқырлық шәкіртақы бағдарламасына университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау кезеңі: 2022 жылдың 24 ақпанынан 13 наурызға дейін.
Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізімі:
- Паспорт (немесе жеке куәлік) сканерленген нұсқасы;
- Ағылшын тілінде немесе француз тілінде жазылған CV (міндетті түрде EuroPass форматында);
- Тиісті түрде қол қойылған, ағылшын немесе француз тіліндегі ілеспе хат (2 бет);
- Тиісті түрде толтырылған және қол қойылған ұтқырлық жобасы (барлық қолдардың болуы міндетті): ағылшын немесе француз тілінде (жұмыс жоспары);
- Ағылшын немесе француз тілінде жұмыс орнынан анықтама;
- Шет тілін білетіндігін растайтын құжаттың сканерленген нұсқасы, қабылдаушы оқу орнында қолданылатын жұмыс / оқытушылық тілге сәйкес (кемінде бір міндетті тіл):
- Француз тілінен емтихан тапсырылғаны туралы куәліктің (DELF B2 / TCF level4) болуы міндетті немесе француз тілінің оқытушысынан француз тілін білу туралы растау;
- Ағылшын тілінен В2 деңгейін растайтын сертификаттың немесе ағылшын тілі оқытушысының тілді білетіндігі туралы растаманың болуы;
- испан тілінен В2 деңгейін растайтын сертификаттың немесе испан тілі оқытушысының тілді білетіндігі туралы растаманың болуы.
- Басқа құжаттар (қалауы бойынша):
- Егер ұтқырлық қолданыстағы ынтымақтастық туралы келісімнің немесе жобаның бөлігі болса, келісімнің сканерленген көшірмесі;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттың сканерленген нұсқасы;
- Басқа шет тілін білетіндігін растайтын сертификаттар (орыс, ...).
Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуыңызға болады: Перпиньян Виа Домитья Университетінің сайты: https://www.univ-perp.fr/venir-etudier-a-lupvd/en-programme-dechanges/avec-le-programme-erasmus-mobilite-internationale-de-credits
Бағдарлама туралы, кандидаттарды іріктеу және таңдау критерийлері туралы қосымша ақпарат, өтініш берушілерге арналған нұсқаулық француз және ағылшын тілдерінде «байланыс тұлғаларының» оң жағындағы басты бетте орналасқан.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 13 наурыз 2022 жыл.
Қосымша ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық департаментінен алуға болады. Байланыс тел.: 8 727 291 62 30.