қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.12.2021

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос лауазымның атауы:

ЮНЕСКО кафедрасының маманы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

Білім беруді тұрақты даму мақсатында және әлемдік азаматтылық бойынша насихаттауды қамтамасыз етеді; оқытушылар мен қызметкерлер арасында тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) кеңінен насихаттау; мекеме үшін де, ЮНЕСКО үшін де басым болып табылатын салада білім мен практиканы тарату бойынша академиялық әлем, азаматтық қоғам, Жергілікті қоғамдастықтар арасындағы талдау орталығы және байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- «Abai University» КЕАҚ 2022-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес ЮНЕСКО кафедрасының жұмыс жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруға көмек беру;

- тұрақты даму саласындаңы мақсаттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және жоспардың орындалуына мониторинг жүргізуіне көмектесу;

- ТДМ шеңберінде кафедраның мамандануына сәйкес ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін енгізуге қатысу;

- ғылыми қорлар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстарына қатысу үшін қажетті құжаттаманы дайындау;

- тұрақты даму үшін білім беру (ТББ), әлемдік азаматтық, гендерлік зерттеулер және ЮНЕСКО-ның күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен басқа да осыған ұқсас іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек беру;

- ЮНЕСКО және Қазақстан Республикасының ИСЕСКО және ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының алдында кафедра қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп үшін қажетті ақпаратты дайындау;

- ЮНЕСКО-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстарына қатысу үшін қажетті құжаттар пакетін жинау;

- ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының білім және жобалар бойынша байланыс орнату;

- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Іс-сапарларға шығу:

Іс-сапарларға дайын болу

Білімі

Жоғары, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Маман лауазымына жоғары кәсіптік білімі бар адам тағайындалады.

Кәсіби құзыреттер:

Білім беру жүйесін, халықаралық конвенцияларды, тұрақты даму орталығын, ЮНЕСКО қызметінің қағидаттарын, мәдениетаралық құзыреттілік пен коммуникациялық дағдыларды білу.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Креативтілік, бастамашылдық, сервиске бағдарлану, өзін-өзі ынталандыру және тез үйрену қабілеті, командада және өз бетінше жұмыс істей білу; жақсы ұйымдастырушылық дағдылар (жоспарлау және іске асыру); жұмыс кестесінен тыс жұмыс істеу мүмкіндігі; әріптестермен және білім алушылармен достық және тиімді жұмыс істей білу.

Жоғары тиімділік және қысқа мерзімде жұмыс істеу мүмкіндігі.

Қарым-қатынас дағдылары мен өзара әрекеттесудің, тәртіптің маңыздылығын түсіну.

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білуі (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ тілін, орыс тілін және ағылшын тілін В1-ден төмен емес деңгейде еркін меңгеру;

Компьютерлік дағдылар:

жетілдірілген компьютер пайдаланушысы

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2021 жылдың 10 қаңтарына дейін

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz 

Баймухамбетов Еркебулан Кайнарканович