- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жағымды имиджін қалыптастыру және мақсатты топтар арасында (талапкерлер, студенттер, қызметкерлер, серіктестер, билік органдары) Университеттің білім беру, ғылыми-инновациялық, халықаралық, тәрбиелік және әлеуметтік қызметтегі мақсаттары мен міндеттері туралы ақпаратты тарату арқылы оны қолдау;
- қоғаммен байланыс саласындағы университет қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;
- Университеттің таңдалған ақпараттық-имидждік саясаты аясында университет қызметіне қатысты ақпараттық ағындарды құру және толықтыру;
- Университеттің маңызды оқиғалары мен жетістіктері туралы қоғамды ақпараттандыру үшін мемлекеттік билік органдарының баспасөз қызметтерімен, БАҚ-пен тұрақты жедел өзара байланыс орнату;
- Университеттің мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ және интернет және БАҚ арқылы ұсынылатын білім беру қызметтері туралы ақпаратты ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- қолайлы мүмкіндіктер жасауға және даулы мәселелерді шешуге қатысты шаралар қабылдау;
- кешенді бағдарламаларды дайындауға қатысу, университеттің перспективалық және ағымдағы жоспарларын құру;
- Университет қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы қоғамды уақытында хабардар ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу;
- Университеттің және оның жекелеген бөлімшелерінің беделіне теріс әсер ететін ұйымдардың қызметіндегі кемшіліктерді дер кезінде жоюды қамтамасыз ету;
- құпия деректерді қорғауды ескере отырып, азаматтардың өтініштерін уақтылы және толық қарауды және өтініш берушілерге жауаптарды жіберуді қамтамасыз ету;
|