- Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысын үйлестіреді.
- Студенттердің оқу ғимаратында және жатақханада ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауын ұйымдастырады.
- Университет белсенділерінің тәртібі мен жауапкершілігін күшейту жұмыстарын жүргізеді.
- Студенттік активтің барлық бөлімшелеріне жалпы басшылықты жүзеге асырады (Студенттік өзін-өзі басқару кеңесі).
- Тәрбие жетекшілер және университет әкімшілігімен бірлесе отырып, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
- Жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, бос уақытын мазмұнды, мәдени өткізуді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
- Дарынды білім алушыларды анықтау мақсатында конкурстар ұйымдастырады.
- Қаланың барлық мәдениет орындарының өкілдерімен байланыс орнатады, студенттерді мәдени іс-шараларға тартады.
- Жетекші университеттер мен қалалардың жастар ұйымдарымен өзара қарым-қатынас орнатады.
- Үйірмелердің, секциялардың, қызметін үйлестіреді.
- Өз құзыреті шегінде университет жастарына арналған ақпараттық, шығармашылық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша қаланың жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
-Тәрбие жұмысының жылдық және перспективалық жоспарларына жобалар ұсынады.
- Университетте жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жастарға ақпараттық қолдау көрсетеді.
- Жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту.
- Жастар ісі жөніндегі комитеттің атқарған жұмыстары туралы ай сайын есеп береді.
|