қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.12.2021

«Менің елім» (Моя страна) отаншылдық-патриоттық байқауы жарияланды

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында Әкімшілік департаменті және Абай атындағы ҚазҰПУ-і қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік Одағы ұйымының қолдауымен 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған - «Менің елім» (Моя страна) атты отаншылдық-патриоттық байқауын жариялайды.


Университет қызметкерлері мен оқытушылар құрамының балаларына арналған байқау 2021 жылдың 7-14 желтоқсан күндері аралығында өтеді. Байқау Ережесіне сәйкес, байқауға мектеп жасына дейінгі балалар (3-6 жас) мен 1-6 сынып оқушылары (7-11 жас) қатыса алады. Сондай-ақ қатысушылар Байқауға отаншылдық-патриоттық өлеңдерін бейнеролик форматында жатқа айтып ұсынады. Байқауға қатысушы бейнеролигін 2021 жылдың 8-13 желтоқсан аралығында rukhanyzhangyru.kaznpu@mail.ru электронды поштасына немесе +7 747 052 9904 ватсап нөмеріне «Менің елім» (Моя страна) деген атаумен жолдай алады.


Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, туған ел, жер, егемендік, Отан, отаншылдық-патриоттық тақырыптағы отандық авторлардың туындыларын өскелең ұрпақ арасында жатқа білуін қалыптастыру. Отаншылдықты дәріптеу, туған елдің тәуелсіздігін бағалау, маңыздылығын сақтау, сол бағыттағы поэзиялық шығармаларды білу, меңгеру арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық рухани жадынын нығайтуға, патриоттық сезімін бекітуге бағыттау, тәрбиелеу болмақ.


Байқау қорытындысы жұмыстық комиссия арқылы анықталып, жүлделі орындарды табыстау 15 желтоқсан күні оффлайн форматында өтеді. Жеңімпаздар университет ректорының арнайы дипломы мен бағалы сыйлықтарымен марапатталады.


Жеңімпаздардың бейнероликтері «Рухани жаңғыру» орталығы мен университеттің ресми әлеуметтік желідегі парақшалары және сайтында жарияланады.


Қосымша байқаудың Ережесі ұсынылды.

 

 

 

«Рухани жаңғыру» Орталығы