Біз туралы | Главная /
Кенжибекова Эльмира Полатқызы
Кенжибекова Эльмира Полатқызы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылды мекенінде 1973 жылы Наурыз айының 24-ші жұлдызында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Қазақ тілі ана тілім. Орыс тілін еркін меңгергенмін. Неміс тілін сөздікпен. 1980 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап ОҚО, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылындағы «8-ші Март» атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына қабылданып, аталған мектепті 1990 жылы күміс алқамен аяқтадым. Білімім жоғары. 80-нен астам жарияланған ғылыми еңбектері бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері) Бакалавриатта: ҚР Қылмыстық процесуалдық құқығы, Қылмыстық процестегі адам құқықтарын қорғау институты, Соттық бақылау, Қылмыстық процестік құжаттарын құрастыру практикумы - мемлекеттік тілде сабақ береді. Магистратурада: Қылмыстық процесуалдық заңнамаларының өзекті мәселелері, Қылмыстық процестегі адам құқықтарын қорғау мәселелері, Қылмыстық құқық және қылмыстық процес заңнамаларын тәжірибеде қолданудың өзекті мәселелері.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу бағыты, жарияланымдар саны (маңызды 5-уін көрсету). Қылмыстық іс жүргізу саласы бойынша және процесуалдық заңнамаларды тәжірибеде қолдануға байланысты өзекті мәселелерді зерттеумен айналысады. Зерттеу жұмыстары бойынша 70-тен астам ғылыми еңбектері бар, олардың ішінде 1 монография («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы дәлелдеу мәселелері» - Алматы «Отан баспасы», 2019. - 137 бет.) және бір оқу құралы («ҚР Қылмыстық процесуалдық құқығы. Дәрістер жинағы. Оқу құралы. - Алматы «Жеті жарғы». - 2016. - 442 бет.) бар. Екі мақала импакт-факторы бар журналдарда жарияланған: 1)ISSN: 2068-696X Journal`s DOI: https://doi.org/10.14505/jarle Quarterly Volume VII Issue 6(20) Fall 2016, 1503-1511 str; 2)INTERNATIONAL JOURNAL OF ENVIRONMENTAL IT SIENCE EDUCATION, - 2016, Vol. 11, NO. 15, 8507 - 8516.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - зерттеу бағыты, жарияланымдар саны (маңызды 5-уін көрсету). 10-тан астам әдістемелік ұсынымдар. Олардың ішінде 4 - әдістемелік оқу құралдары (3-уі баспа нысанында 1-уі электронды оқулық) бар; 1. («ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. (схема нысанында) Оқу-әдістемелік құралы. - Алматы «Абай атындағы ҚазҰПУ Құқық және экономика институты». - 2014. - 182 бет.) 2. «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлім. Оқу-әдістемелік құралы - Алматы «Абай атындағы ҚазҰПУ Құқық және экономика институты». - 2014. - 322 бет.)», 3. («Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі. Жалпы бөлім. Схемада: Оқу-әдістемелік құралы. Толықытырылған және өңделген 2-ші Басылым. - Алматы: «Абай атындағы ҚазҰПУ». - 2018. - 182 бет.)). Электрондық оқулық. «Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі. Жалпы бөлім. Схемада: Оқу-әдістемелік құралы. Толықытырылған және өңделген 2-ші Басылым. - Алматы: «Абай атындағы ҚазҰПУ». - 2018. - 182 бет.)
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|