Негізгі бет
Жаңалықтар
30.03.2018
Университетте су тасқынын алдын-алу жаттығулары жүргізілді
2018 жылдың 29 наурызында Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор Такир Балықбаевтың бұйрығы бойынша «Сел қауіпі туындаған жағдайда ЖОО басшы құрамының, қызметкерлер мен студенттердің іс-әрекеті» дайындық жаттығу жұмыстары жүргізілді.
ЖОО оқытушылары мен студенттері аталған іс-шараға сауатты іс-қимыл әрекеті мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында шақырылды. Педагогика және психология институтында интерактивті сабақ өтікізіліп, сел ағындарының Алматы қаласына тигізетін жойқын әсері көрсетілді. Қатысушылар назарына су тасқын қаупі туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер ұсынылып, Университет дәрісханасынан студенттерді қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмысы жүргізілді.
Аталмыш іс-шараға Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжанар Арынова және институт профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.
Азаматтық қорғаныс штабы |