қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.03.2025

Абай университетінің оқытушысы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс оқыды

 

2025 жылдың 11 наурызында К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбы бойынша дәріс өткізілді.


Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, PhD докторы Нұрлан Орынбеков арнайы шақыртылды.


Дәріс барысында сарапшы деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеялардың таралу әдістері және ұлттық құндылықтар мен діни сенімдердің өзара байланысы туралы баяндады. Сондай-ақ қоғамдағы жалпы мәдениеттің және құқықтық сана мәдениетінің жоғары болуын, маңыздылығын атап өтті. Отбасында және қоғамда төзімділік дәстүрлерін нығайтудың дінаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі рөліне ерекше тоқталды.

 

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=