қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.03.2025

Абай университетінің студенті тоғызқұмалақтан республикалық турнирде І орынды иеленді


2025 жылғы 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтті.

 

Дәстүрге айналған байрақты бәсекенің жалауы биыл 17-ші мәрте желбіреп отыр.

 

Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 14 команда, 350-ге жуық тоғызқұмалақшы қатысып, өз шеберліктерін сынады.


Турнирде Абай атындағы ҚазҰПУ Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Аяна Исахан 1-орын алды.

 

Жаттықтырушы: Иралина М.М.

 

Студентімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

 

  alt=