«Үздік журналдардағы жарияланым жетістігінің құпиялары» қонақ дәрісі
2025 жылдың 3 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазан (Еділ) Федералды университетіндегі Психология және білім беру Институты Жоғары мектебінің педагогика кафедрасының меңгерушісі Альфия Масалимованың «Үздік журналдардағы жарияланым жетістігінің құпиялары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті https://kpfu.ru/alfiya.masalimova
Дәріс барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары зерттеу мәселесі бойынша танымал халықаралық наукометриялық базалардағы мақалаларды анықтау жөнінде құнды кеңестер алды. Сондай-ақ Scopus және Web of Science базаларына кіретін журналдардың талаптарына сәйкес мақалаларды дайындау және жазу құпияларымен танысты.
Сонымен қатар, Альфия Масалимова оқытушылар құрамын, докторанттар мен магистранттарды халықаралық наукометриялық базалар, басқа шетелдік іздеу платформалары, әлемдегі ең ірі баспалар ресурстары және шетелдік диссертациялар базаларымен таныстырды.
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева және профессор-оқытушылар оқытушылардың публикациялық белсенділігін арттырудың ұйымдастыру механизмдері бойынша құнды ақпарат алды, мұнда QS және Times Higher Education World University Rankings рейтингінде жоғары көрсеткіштерге ие болған Қазан (Еділ) Федералды университетінің тәжірибесі айтылды https://www.timeshighereducation.com

