қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.03.2025

Абай университетінің профессоры Досан Баймолда «Найрамдал» (Достық) медалімен марапатталды


Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, Физика және Информатика факультеті физика кафедрасының профессоры, физика ғылымдарының PhD докторы, Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары академиясының академигі Досан Баймолда Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ғылым, білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Моңғолияның ең жоғары мемлекеттік наградасы -«Найрамдал» (Достық) медалімен марапатталды.


Бұл жоғары марапатты 2025 жылғы 1 наурызда Астана қаласында Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Доржийн Баярхүү салтанатты түрде табыс етті.


Профессор Досан Баймолда мырзаны мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=