қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.02.2025

«Командалық рух және әскери ұжымдағы психологиялық климат» семинар-тренингі


2025 жылдың 22 ақпанында ҚР Ұлттық ұланының 75/52 әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінде ерекше маңызға ие «Командалық рух және әскери ұжымдағы психологиялық климат» атты семинар-тренинг өткізілді. Бұл шара Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «6B03111 - Практик психологтарды даярлау» мамандығының 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен өндірістік практиканың аясында өткізілді. Аталмыш іс-шараға университет басшылығы, өндірістік іс-тәжірибе жетекшілері және оқытушылар қатысты.

 

Тренингтің басты мақсаты ретінде, әскери ұжымдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту, командалық рухты қалыптастыру және психологиялық климатты жақсарту болды. Семинар барысында «6В03111-Практик-психологтарды даярлау» мамандығының 4 курс студенттері Кенжеахметова Аружан, Тұрсын Диляра, Қабиден Ақниет әскери қызметкерлермен әртүрлі жағдайларды талқылап, командалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған жаттығула жүргізді. Әскери қызметкерлер арасында сенім, түсіністік және ынтымақтастықтың маңыздылығы тереңнен қарастырылып, әрқайсысының рөлі мен жауапкершілігі кеңінен ашылды.

 

Іс-шараның нәтижесінде қатысушылар ұжымдық жұмысқа жаңа көзқараспен қарап, психологиялық ахуалды жақсартудың түрлі тәсілдері туралы маңызды ақпарат алды. Тренингтің қорытындысы ретінде барлық қатысушылар ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту және кәсіби даму жолындағы маңызды қадамдар туралы өз пікірлерімен бөлісті. Бұл семинар болашақта әскери ұжымдарда командалық рухты дамытуға және олардың психологиялық климатына айтарлықтай ықпал ететіні анық.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=