Аtameken Сup-2025 мықтыларды анықтады
2025 жылдың 22-23 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Толық адам» құндылықтары бағытында «ATAMEKEN CUP-2025» XXIІІ Республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Турнирге барлығы 250-ден астам білім алушы, 64 фракция, 30 жуық төреші қатысты. Турнир жүйесі үздіктер ұстаздар және шәкірттер лигасында анықталды.
Турнирдің екі күндік нәтижесі - Ұстаздар лигасында 1-орынды «Бекзат Саттарханов» фракциясы ХҚТУ (Түркістан қаласы), 2-орынды «LEO» фракциясы СДУ (Алматы облысы), 3-орынды «Жұт» фракциясы Нархоз университеті (Алматы қ.) иеленсе, «Үздік талпыныс» номинациясы - «Айдаһар жайлы аңыз» фракциясы Тұран университеті (Алматы қ.), «Ең үздік спикер» Мухамет Айдана, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.) студенті, «Үздік спикер» Алишбаев Мұхаммедали, Нархоз университетінің (Алматы қ.) студенті иеленді.
Ал, Шәкірттер лигасы бойынша, 1-орын - «730 ойында» фракциясы Нархоз университеті (Алматы қ.), 2-орын - «Brain art» фракциясы, Тұран университеті (Алматы қ.), 3-орын «dal solay» фракциясы Нархоз университеті (Алматы қ.), «Үздік талпыныс» номинациясы бойынша «Көз тимесін» фракциясы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің (Шымкент қ.) студенттері еншіледі.
Барлық жүлдегерлер Басқарма төрағасы-ректордың арнайы Алғыс хат және дипломы, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Аталған турнирді демеушілікпен қолдаған «Атамекен» пікірсайыс клубының түлектері - Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбай мырзаға, кәсіпкер Данияр Қанқожаға, және екі күндік түскі аспен қамтамасыз еткен кәсіпкер Аяла Мұхамедкерим ханымға алғыс білдіреміз.




