қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.02.2025

Шетел тілдері кафедрасы студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференциясы


Абай атындағы ҚазҰПУ шетел тілдері кафедрасының 2 курс ССО және 3-курс студенттері педагогикалық практикадан сәтті өтті. Практика барысында студенттер өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, шет тілдерін оқыту әдістемесін меңгеруге мүмкіндік алды.


Практиканың мақсаты мен міндеттері - шет тілдерін оқыту әдістерін тәжірибеде қолдану; Студенттердің педагогикалық шеберлігін арттыру және мұғалімдік қызметке бейімделу; Тілдік білім беруде заманауи технологияларды пайдалану дағдыларын дамыту; Оқушылармен қарым-қатынас жасау және олардың тілдік құзыреттілігін бағалау; Сабақ жоспарларын құру және оқу процесін ұйымдастыру; Тілді меңгерту әдістемесін іс жүзінде қолдану; Оқушылардың білім деңгейін бағалау және кері байланыс орнату; Шет тілін оқытуда интерактивті әдістер мен инновациялық технологияларды пайдалану; Мұғалімдердің жұмысын талдау және кәсіби тәжірибе жинақтау.

 

Қорытынды конференция барысында 310 студенттен тұратын 2 курс ССО және 3-курс студенттері педагогикалық практика барысында өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытқаны туралы айтылды. Практика олардың болашақ мұғалім ретіндегі дағдыларын жетілдіріп, шет тілдерін оқыту әдістемесін терең меңгеруге ықпал етті.

 

  alt=