қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.02.2025

Белгілі ғалым, аудармашы Қайрат Жаңабаевпен кездесу


2025 жылдың 21 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасы «6В02302-Аударма ісі» мамандығының студенттері белгілі ғалым, аудармашы Қайрат Жаңабаевпен кездесті.  Кездесуді кафедра оқытушылары - ф.ғ.д., профессор А.Қ. Жұмабекова, ф.ғ.к., аға оқытушы Н.Р. Шенгелбаева, магистр, аға оқытушы У. Ақбердіқызы ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында ғалым Қайрат Жаңабаев Махамбет, Мағжан шығармаларын өзге тілге аудару техникасы жайлы әңгімелеп, өз аудармашылық шығармашылығынан үзінділер оқыды. Кездесу соңында кафедра меңгерушісі Қ.Т. Дүйсенова аудармашы, ғалым Қ.Жаңабевқа жылы лебізін білдіріп, факультет атынан естелік сыйлық табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=