қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.02.2025

«Ғұмар Қараш – тарихи тұлға» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті


2025 жылдың 20 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультеті, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттық баспасөздің негізін салушы Ғұмар Қараштың 150 жылдығына орай «Ғұмар Қараш – тарихи тұлға» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Аталған іс-шараға әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Сағымбай Жұмағұл, филология ғылымдарының докторы, Қарағанды Болашақ университетінің профессоры Хамзин Мауен, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің аға оқытушысы, п.ғ.м Ғалия Токтыманова, Тілдік пәндер кафедрасының докторанты Ертай Біләл, сонымен қатар Ғұмар Қараш шығармашылығын зерттеп жүрген шетелдік ғалымдар, атап айтқанда Либерец техникалық университетінің маркетинг кандидаты, PhD Юлия Холендова, Ресей-Армян (Славян) университетінің орыс тілі және кәсіби коммуникация кафедрасының аға оқытушысы, Халықаралық Нейроғылымдар Академиясының академигі, доцент Армен Акопян, Әбдірайымов атындағы Қырғыз авиация институтының аға оқытушысы Гулзада Әбдіқадырқызы мен жас зерттеушілер қатысып, зерттеу жұмыстары және естеліктерімен бөлісті.

 

Конференция нәтижесі бойынша 8 ғылым докторларының, 10 ғылым кандидаттарының, 10 PhD және докторанттар мен магистранттардың мақалалары электронды жинаққа енді.


  alt=