![]()
20.02.2025 Жаратылыстану және география факультетінің 3-курс студенттері үшін педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы
2025 жылдың 18 ақпанында Жаратылыстану және география факультетінің 6В01513-«Биология», 6В01522-«Биология-география» білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері үшін педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға педагогикалық тәжірибе жетекшілері, педагогтар мен студенттер қатысты.
Студенттер педагогикалық практика барысындағы сабақтары мен атқарған жұмыстарын нақты көрсетіп, есеп берді. Практика барысында Алматы қаласы мектептерінің басшылығы студенттердің білімдерін жоғары бағалап, біраз студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады. Барлық студенттер жалпы өздерінің педагогикалық тәжірибесіне көңілдері толып, университет ұжымына осындай практика өтуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.
Конференцияда практикаға жауапты тұлға Гүлжанат Камиева студенттерге деканат пен білім беру мекемелерінің басшылары берген мақтау қағаздарын табыс етті.
|