қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.02.2025

«Психология және тән: тәнге бағытталған психология мен психотерапия негіздері» практикалық семинары


2025 жылғы 19 ақпанда «Педагогика және психология» факультетінің Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының докторанттары кафедра меңгерушісі Ниетбаева Гүлмира Бекенқызының басшылығымен «Психология және тән: тәнге бағытталған психология мен психотерапия негіздері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинарды ұйымдастырып өткізді. өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты - психология мен психотерапиядағы заманауи бағыттарды таныстыру және ғылым мен практиканы біріктіруге үлес қосу болды.

 

Семинардың қонағы ретінде Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті Л.С. Выготский атындағы Психология институтының Тұлға психологиясы кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Василиса Русланқызы Орестова шақырылды. Профессор Василиса Орестова онлайн-режимде ұсынған баяндамасында тәнге бағытталған психология мен психотерапияның қазіргі жағдайы мен даму болашағына тоқталды.

 

Семинар келесі мақсаттар мен міндеттерді қамтыды: тәнге бағытталған психология мен психотерапияның заманауи әдістерін таныстыру; тәнге бағытталған психология саласындағы жаңа ғылыми зерттеулермен бөлісу; психотерапиялық практикада тәнге бағытталған әдістерді қолдану мәселелерін талқылау; халықаралық және отандық ғалымдар арасындағы ғылыми әріптестікті дамыту.

 

Практикалық семинарға кафедра профессорлары Акажанова Алма Таурбекқызы, Тапалова Ольга Бисенқызы, психология ғылымдарының кандидаттары Абишева Эльмира Дәулетқызы, Бекмуратова Гүлжанар Тоғызбайқызы, Бегалиева Нұргүл Үсеинқызы, магистранттар мен докторанттар қатысты. Семинарға қатысушылар осы әдістердің психотерапиядағы тиімділігі туралы пікір алмасып, тәжірибелік қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Бұл семинар кафедра докторанттары ұйымдастыратын ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар сериясының бір бөлігі болып табылады. Мұндай ғылыми семинарлар халықаралық және отандық сарапшылармен бірлесе отырып, еліміздегі психология ғылымының дамуына және академиялық зерттеулердің практикалық маңыздылығын арттыруға бағытталған.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=