![]()
20.02.2025 «Кәсіби күйзеліс» тренингі 2025 жылдың 19 ақпанда №4 қалалық емханада өндірістік практикадан өту барысында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 4 курс студент-практиканттары емхананың медициналық қызметкерлерімен «Кәсіби күйзеліс» тақырыбы бойынша тренинг ұйымдастырып, өткізді. Аталған іс-шараға психологтар мен емхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты кәсіби стрессті азайту, жұмыстағы стресстік жағдайларды басқару және олардың алдын алу болды. Тренинг барысында қатысушылар түрлі практикалық тапсырмаларды орындап, өз ойларымен және пікірлерімен бөлісті.
Тренинг барлық қатысушылар үшін мазмұнды және қызықты өтті. Іс-шара соңында оның маңыздылығы атап өтілді, сондай-ақ барлық қатысушыларға алғыс айтылды. Өткізілген тренинг емхананың қызметкерлерге жұмыста болатын күйзелістерге төтеп беруіне, олардың алдын алуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.
|