қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.02.2025

Балалар мен ата-аналарға арналған тренинг


15 ақпан - халықаралық рак ауруына шалдыққан балалар күні. Осыған байланысты, 2025 жылдың 17 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «6В03111 - Практик-психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының орыс және қазақ бөлімдерінің студент-практиканттары - Клюг Ангелина, Кетова Кристина, Базарбаева Аружан, Гусев Алан, Амирханова Азель, Югай Владимир, Амангосова Диляра ҚазОжРҒЗИ психологиялық және әлеуметтік көмек беру бөлімінің басшысы Әлия Утеулованың жетекшілігімен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОжРҒЗИ) балалар бөлімшесінің балаларына арналған психологиялық тренинг ұйымдастырды. Бұл тренинг ата-аналар және олардың балаларымен қауіпсіз реагенттерді, файер мен азотты эксперименттерді, балаларға арналған твистнигті қолдана отырып өткізілді.


Тренинг соңында балалар анимациялық викторинаға қатысып, би билеп, ең бастысы шағын естеліктерді сыйлыққа алды. Іс-шараны өткізу барысында студент-практиканттар балалармен ғана емес, сонымен бірге балаларға қолдау көрсететін ата-аналармен өзара жұмыс жүргізіп, ішкі ресурстарды іздейтін жаттығуларды пайдалану арқылы оларды өзін-өзі босаңсыту әдістерімен таныстырды. Тренингтің міндеттерінің бірі - балалар мен ата-аналарға эмоционалды жеңілдікті сезінуді ұсыну, студент-практиканттардың ғылым әлеміне енуі және өздерін зерттеуші ретінде сезіну болды. «6В03111-Практик-психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасы студенттерінің өндірістік практикасының жетекшілері Абай атындағы ҚазҰПУ, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары - психология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Эльмира Абишева және магистр, аға оқытушы Сәулет Тукебаева студент-практиканттарға әдістемелік көмек және психологиялық қолдау көрсетуде үлкен еңбек сіңірді.

 

  alt=  

 

  alt=