қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.02.2025

Спартакиада - 2025 спорттық шарасының II кезеңі


2025 жылдың 15 ақпанында Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері арасында Спартакиада - 2025 спорттық шарасының II кезеңі өтті.

 

Шараның ашылу салтанатына университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Университеттің профессорлық-оқытушы құрамы, сала мамандары мен қызметкерлерінің жұмыс уақытынан тыс кезде салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттырып, ұжымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарыста ойыншылар арқан тарту, шахмат, үстел теннисі және волейбол секілді спорттың төрт түрінен бақ сынады.

 

Осылайша тартысты өткен бәскеде І орынды Математика, физика және информатика факультетінен құралған команда иеленсе, ІІ орынды университет әкімшілігінен құралған Ректорат командасы алды, ал ІІІ орынды Жаратылыстану және география факультет командасы місе тұтты.

 

Сонымен қатар, жарысқа белсенді түрде қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсете білген Дене шынықтыру және әскери дайындық, Өнер, Филология, Тарих және құқық факультеттерінің командалары мен жүлделі орын иегерлеріне Басқарма төрағасы-ректордың атынан алғыс хаттар, дипломдар мен қаржылай сыйлық жүлде қорлары табысталды.

 

Шара соңында университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қызметкерлерінің Кәсіподақ ұйымына Спартакиада - 2025 спорттық шарасына көрсеткен қолдауы мен демеушілігі үшін алғыс білдірді.

 

Сондай-ақ, барлық қатысушы командалар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, осындай спорттық шаралар ұжым арасындағы бірлікті нығайтып қана қоймай, дәстүрлі шаралардың біріне айналсын деп тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=