қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Тилекова Жанна Тилековна

Тилекова Жанна Тилековна

Тилекова Жанна Тилековна география ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD) мамандығы 6D060800-Экология, Қазақстан географиясы және экология кафедрасының доценті.
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география факультетіне түсіп, 1997 жылы «География» мамандығының бакалавр дәрежесін алып шықты. 1998 -2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің магистратурасында оқыған, магистр біліктілігін алған.
2001-2003 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің аспирантурасында оқыған, 2007 жылы «Экологическая оценка последствий антропогенного воздействия на биоресурсы Прибалхашского региона» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. 2008 жылы 18 наурызда география ғылымдарының кандидаты атағы берілген. 2011 жылы Білім және ғылым министрлігі Жоғарғы аттестациялық бақылау Комитеті бекіткен доцент лауазымына ие болды. 2015 жылы Экология мамандығы бойынша PhD докторлық диссертациясын қорғаған.
Ғылыми зерттеу жұмыстары:

2006-2008 жылдар аралығында ҚР БҒМ ұсынған іргелі зерттеулердің жауапты орындаушысы болған. «Разработать методы и дать оценку современной и прогнозной динамики природных вод, разработать географические основы интегрированного управления водными ресурсами». (№ гос. рег. 0106 РК 00093, за 2006-2008 гг.).
2009 - 2011 жылдар аралығында Ж.Т.Тилекова ҚР БҒМ ұсынған іргелі зерттеулердің жауапты орындаушысы болған. «Разработать системы индикаторных признаков для оценки состояния и создания банка данных геологической и геоэкологической информации Казахстана» на 2009-2011 гг., утвержденной Министерством образования и науки РК (№ гос. рег. 0210 РК 00494).
Ғылыми қызығушылығы:
1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік орталықтарының ластануына экологиялық химиялық баға беру;
2. Алматы қаласының динамикалық өсу мәселелерін шешу: өткені мен болашағы.
3. Қазақстанның физикалық географиялық аудандастырылуы.
Негізгі ғылыми еңбектері:
Тилекова Ж.Т. 42 ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы, Scopus базасына кіретін журналдарда 3 мақаласы жарық көрген, жалпы еңбектерінің көлемі 48,76 б.б. Ғылыми еңбектері еліміздің геоэкология мәселелеріне, биотүрлілікті сақтау және тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған. Ол географиялық және геоэкологиялық, қоршаған орта тақырыптарында карталарды құрастырған: «Балқаш өңірінің биомдық картасы», «Балқаш өңірінің геоэкологиялық аудандастыру картасы».
Халықаралық, республикалық конференцияларға, форумдарға, семинарларға белсенді қатысып, баяндамалар жасап отырады.
Оқитын пәндері: «5В011600 География», «5В060800- Экология», «6М060900 -География» мамандықтары бойынша бакалавриат және магистратура топтарына: «Экологиялық нормалау және сараптау», «Қоршаған ортаға әсерді бағалау», «Жаратылыстану пәндерін оқыту ткхнологиялары», «Қоршаған орта статистикасы», «География ғылымы тұрақты даму үрдісінде» қазақ жәе орыс топтарына жүргізеді. Өзінің жүргізетін пәндерінен оқу-әдістемелік кешендері, силлабустары дайындалған.
Біліктілігін арттыру:
Географияның қазіргі өзекті мәселелері, геоэкология және қоршаған ортаны қорғау, оқытудың жаңа технологиялары бағдарламалары бойынша біліктілігін көтеру үшін әр түрлі курстардан өтіп отырады.
Оның жетекшілігімен 4 магистрлік диссертация қорғалған.

 

 


← Кері оралу