қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
21.01.2025

        Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы филиалына жаңа басшы келді

 

                

 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалының төрағасы болып Болат Анапияұлы Тілеп тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Болат Анапияұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор. Мемлекеттік қызметтерде, білім саласында мол тәжірибесі бар білікті ұйымдастырушы.

 

«Жаңа төраға Алматы қалалық филиалының жұмысын жандандырып, ана тіліміздің дамуына үлес қосады деген сенімдемін», деді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы.

 

Қоғам президенті ұзақ жылдардан бері «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалын басқарып келген Құсман Шалабаевқа тілімізді өркендету жолындағы атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

 

 

 

24.01.2025

Ақпарат көзі: egemen.kz