Негізгі бет
Жаңалықтар
17.01.2025 Оқушыларға арналған психологиялық тренингтер
2025 жылдың 16 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ Психологиялық қолдау қызметінің психолог мамандары Саида Қосбай және Алия Мусанова №196 Жалпы білім беретін мектеп ұжымының шақыртуымен жоғары сынып оқушыларына психологиялық тренинг жүргізді. Психолог мамандар қазақ және орыс сыныбының оқушыларымен «Менің сыныбым - менің ұжымым» және «Шекарасыз шығармашылық» тақырыптарында психологиялық тренингтер өткізді. Тренингтердің мақсаты - топтық ұйымшылдықты арттыру, топта жұмыс істеу дағдылары мен креативті ойлауды дамыту және шығармашылық көзқарастарын қалыптастыру.
Тренинг соңында оқушылар өздерінің жағымды әсерлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды. Тренингке мектептің 100-ге жуық 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі |