Негізгі бет
Жаңалықтар
16.01.2025 Қысқы мектеп аясындағы «ЖОО-да инклюзивті білім беруді дамыту» шеберлік сыныбы Қысқы мектеп аясында 2025 жылдың 14 қаңтарында арнайы педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «ЖОО-да инклюзивті білім беруді дамыту» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
Шеберлік сыныпқа университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Іс шара барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуына және өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беру; білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету; кедергісіз орта құру, оқытудың тиімді әдістерін инклюзивті білім беру процесінде қолдану, т.б. мәселелер талқыланды және ұсыныстар берілді.
Іс-шараға қатысушылар жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру ерекшеліктері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға қатысушылар жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру ерекшеліктері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Қорытындылай келе, барлық шеберлік сыныпқа қатысушылар өз ойларын білдіріп, «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз және біргеміз» ұранымен кері байланыс жасады.
|