қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.11.2024

«Позитивті ойлау – өмір негізі» психологиялық тренингі


2024 жылдың 26 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Позитивті ойлау - өмір негізі» тақырыбында психологиялық тренингі өтті. Тренингтің мақсаты - сүйіспеншілік құндылығы арқылы жағымды ойлауды дамыту, позитивті ойлаудың адам өмірі мен денсаулығы үшін маңыздылығын түсіндіру, жағымды ойлау дағдыларын игеруге ықпал ету және көңіл-күйін көтеру.

 

Тренинг барысында позитивті ойлаудың 5 артықшылығы жаттығуы және «Позитивті адамның қасиеттері» кластері ұйымдастырылып, студенттер қызығушылықпен жұмыс жасады. Сонымен қатар «Позитивті ойлауды қалай дамыту керек?» мәселесі бойынша балық қаңқасына өз ойларын жазып, талқылады. Тренинг арқылы жағымды ойлау әрқашан жақсы өмірге жетелейтінін түсініп, жағымсыз ойларды позитивке өзгерту қабілетін жетілдіре түсті.

 

Тренингке Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайықдық факультеті мен Өнер факультетінен 30-ға жуық студент қатысты.

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі